Date of publication: 15.03.2022 16:03
Date of changing: 15.03.2022 15:49

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне алкоголь өніміне салынатын ациздерге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

 

Салық кодексінің 475-бабының 4-тармағына есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерінен басқа) акциз төлеу мерзімдері бойынша өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, алкоголь өнімін өндірушілер есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне акциз салығын өз таңдауы бойынша мына мерзімдердің бірінде төлеуі қажет:

  • есепке алу-бақылау таңбаларын алғанға дейін;

- Салық кодексінің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту (беру) күні.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 172-бабының 7-14-тармақтарына енгізілген өзгерістеге сәйкес алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға, есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттемелерді және есепті ұсынады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда алкоголь өнімі түрлерінің өзгеруі, атап айтқанда «шарап материалы» ұғымы «толысылған шарап», «сыра және сыра сусыны» ұғымы «сыра қайнату өнімімен» ауыстырылды.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістерді іске асыру мақсатында «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы мемлекеттік органдармен келісуде. Есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттемелерді өзгертілген қағидалар күшіне енген соң ұсынуға болады.