Date of publication: 15.04.2022 18:17
Date of changing: 15.04.2022 18:17

2021 жылы кіріс декларациясын (250.00-нысан) ұсынған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары ағымдағы жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынады.

Алынған кірістермен қатар, шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша туралы және ҚР шегінен тыс жердегі мүлік туралы ақпарат, кірістер мен мүлік туралы декларацияда мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтерді көрсету қажет.

Мәселен, егер жеке тұлға 2021 жылы мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті не құқықтары немесе мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті сатып алса (алса) немесе өткізсе (берсе), онда мұндай мәміленің жасалу фактісі осы декларацияда көрсетілуге тиіс.

Бұдан басқа, егер есепті жылы мүлікке меншік құқығы (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, ЗТ-дағы қатысу үлесі, бағалы қағаздар, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі) пайда болса, сондай-ақ осы мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету қажет.

2021 жыл есепті салық кезеңі болып табылатынына назар аудару қажет. Тиісінше, 2021 жылы жасалған барлық көрсетілген мәмілелер міндетті декларациялауға жатады.

Декларацияны тапсыру мерзімі:

15 шілдеге дейін – қағаз жеткізгіште

15 қыркүйекке дейін – электронды түрде