Date of publication: 15.04.2022 18:33
Date of changing: 15.04.2022 18:37

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның 2023 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды.

Пилоттық жоба шеңберінде Еуразиялық экономикалық одағының елдерімен өзара саудада экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу көзделгенін еске саламыз. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одағының елдерімен Мемлекеттік шекарасын өткенге дейін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қажет.

Пилоттық жоба тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті түрде енгізуге «жұмсақ» көшуді қамтамасыз етуге бағытталған және салық төлеушілердің тауарларға ілеспе жүкқұжаттарымен жұмыс істеуге бейімделуіне, өздерінің есепке алу жүйелерін және сатып алушылармен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасауына арналған.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және ресімдеу тәртібін сақтау жөніндегі нормалар Салық кодексінің 176-бабында айқындалған.

Пилотты жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одағының елдерімен өзара саудадағы сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларын пилоттық жоба шеңберінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуді жүзеге асыруға шақырады.