Date of publication: 21.09.2016 14:37
Date of changing: 21.09.2016 15:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

«Оңалту және банкроттық мәселелер туралы» ҚР Заңына еңгізілген өзгерістер бизнесті сақтап қалудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.

 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде кәсіпорынды банкрот деп танығаннан кейін сақтап қалудың баламалы тәсілдерін  100 қадамнан тұратын Ұлт жоспары шеңберінде әзірленген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы ұсынатын жаңа мүмкіндіктер тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

«Заң, борышкерге кредиторлармен қарыздарды қайтару жолдары мен мерзімі туралы келісімге келуге мүмкіндік береді. Бұл банкроттықтың кез келген сатысында оңалту рәсімін қолдану және борышкер мен кредитор арасында бітімгершілік келісім жасасу, сондай-ақ, банкрот-кәсіпорынды сату және меншік иесін ауыстыру мүмкіндігі болып табылады», - деп атап өтті   ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің директоры Ерлан  Нұрланбаев. Банкроттықтың алдын алу мақсатында әрекеттегі өндірісті сақтап қалудың жаңа тәсілі ұсынылған, ол – борышкер мен кредиторлар арасында төлем қабілетсіздігін келісім жасасу арқылы реттеу. «Бұл механизмнің ерекшелігі, борышкерге, осындай кекелісім барысында тұрақсыздық айыппулды және  барлық берешек түрлері бойынша сыйақы есептеуді тоқтату түрінде  мемлекет тарапынан қолдау ұсынылады», - деді Е. Нұрланбаев.                                     

Сонымен қатар, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізудің ұзақтығы мәселесін шешу үшін Заңмен оңалту және банкроттық туралы істердің соттылығы белгілеу, сот актілерін апелляциялық сатыда шағымдануды шектеу, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін дереу орындауға жатқызу қарастырылған.  Жоғарыда  аталған  шаралар, әрекеттегі өндірісті, жұмыс орындарын барынша сақтап қалу, сондай-ақ, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етуге мақсатталған.                              Бүгінгі күні, жаңа тетіктердің артықшылығы және өзінің бизнесін сақтап қалу мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер арасында белсенді түсіндіру жұмыс жүргізілуде.      

                                                                                         

Анықтама:

- 2016 жылғы 1 шілде күніне төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін 75 борышкер қолданды;

- банкрот «Астана Горкоммунхоз» АҚ (Астана қаласы) кредиторлар жиналысында банкроттықтан оңалту рәсіміне көшу туралы шешім қабылданды;

- бұрын, Заңға өзгерістер енгізілмей тұрып, банкроттық рәсімі барысында сотта қаралған істердің жартысына жуығы үш айдан астам созылатын, әр оныншы іс сотта бір жылдан аса қаралатын. 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша сотта үш айдан аса уақыт қаралатын істер саны тек 15 % құрады.

 

ҚР ҚМ МКД Баспасөз қызметі