Date of publication: 28.04.2022 11:20
Date of changing: 28.04.2022 11:22

2022 жылғы 22-25 сәуір аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК (бұдан әрі -  Комитет) Заң басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде Комитеттің Заң басқармасы басшысының орынбасары  Скиндирова Алия Миросбековна,  Заң басқармасының бас сарапшысы Балтаева Жанар Нурлановна, Заң басқармасының бас сарапшысы Абишева Арай Кажахметовна, Заң басқармасының бас сарапшысы Жансаитова Мира Жумабаевна сөз сөйледі.

Қатысушылар  «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» тақырыбы бойынша жұмыстың негіздерімен және ерекшеліктерімен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 275 қатысушы біліктілігін арттырды.