Date of publication: 29.04.2022 09:39
Date of changing: 29.04.2022 09:46

2022 жылғы 26 – 28 сәуір аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Аудит департаменті Берешектермен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Комитеттің АЖ мәліметтері негізінде борышкерлер мүлкінің тізімдемесі мен сатылуының тиімділігін арттыру» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне Комитеттің АЖ мәліметтері негізінде борышкерлердің мүлкін тізімдеу және сату тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстың принциптерін, негіздерін, тәртібін, ерекшеліктерін түсіндіру.
Дәріскер ретінде:
- Рыспаева Алтынжан Асылбековна - Комитеттің Аудит департаменті Берешектермен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының қызметкері сөз сөйледі.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар «Комитеттің АЖ мәліметтері негізінде борышкерлер мүлкінің тізімдемесі мен сатылуының тиімділігін арттыру»  тақырыбы бойынша жұмыстың негіздерімен және ерекшеліктерімен танысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 157 қатысушы біліктілігін арттырды.