Date of publication: 06.06.2022 17:12
Date of changing: 06.06.2022 17:16

       Ағымдағы жылдың 30 мамыры мен 3 маусымы аралығында аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері үшін, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы 5 күндік күндізгі оқу курсы «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекетінде өтті.

         Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру және сканерленген суреттерге РТҚ (Рентген-телевизиялық қондырғы) операторлары ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен, біліктілік талдауын жүргізу.

         Курстың мақсаты: сканерлеу жабдығын пайдалану, қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар рентген – телевизиялық қондырғыларды сипаттау және пайдалану.

         Курстың алғашқы күні ОӘО – ның басшы орынбасары Касымкулова Л.Т. курсқа қатысушыларды тіркеу және  ашылуымен бастады. Ол қатысушыларды “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” рентген – телевизиялық қондырғылардың негізгі ұғымдарымен таныстырды.

        Оқу барысында түрлі бұрыштарда ұсынылған қауіпті заттарды тануды жақсарту мақсатында, көзге арналған түрлі тапсырмалар қолданылды. Бірінші күннің соңында, Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі қатысушылардың оқу нәтижелерін болжау және білім деңгейін анықтау мақсатында алдын – ала тестілеу өткізді.

         Курс тыңдаушыларына «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекетінде практикалық сабақтар өткізілді, онда Стамбул-Түркістан бағыты бойынша ұшатын рейстің нақты жолаушыларының рентген суреттерін, багажын және қол жүгін, сондай-ақ демонстрациялық үлгілерді (муляждарды), есірткі, тыйым салынған, жарылғыш заттарды, түрлі елдердің валюталарын, зергерлік бұйымдарды (әр түрлі сынамалы алтын, күміс) және гауһар тастарды сканерлеу қондырғысынан өткізіп, бейнелерін зерттеді.

         Практикалық сабақтар барысында алтынды тасымалдау бойынша құқық бұзушылықтар анықталды. «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығына сәйкес бір жеке тұлғаға жеке пайдалануға арналған баж төлемей әуе көлігімен кедендік шекараны кесіп өту кезінде зергерлік бұйымдар мен бағалы металдардың саны 5 заттан аспауы тиіс. Осылайша, кедендік шекара арқылы көп мөлшерде алтынды алып өтуге әрекет жасаған ҚР азаматшасы ұсталды. Тексеру актісі, зергерлік бұйымдар мен бағалы металдарды алу актісі жасалып, бұйымдарды одан әрі сараптау үшін Орталық кеден зертханасына жіберілді.

         «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекетінде практикалық оқудан өткен курс қатысушылары "Rapiscan" кедендік бақылаудың техникалық құралы арқылы алған білімдерін көрсетті.

          Білім алушылар алған білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті, атап айтқанда, рентген-телевизиялық қондырғыларында заттарды нақты анықтады.

         Арнайы курс аяқталғаннан кейін қорытынды тестілеу өткізілді, оның нәтижелері бойынша арнайы курстың барлық тыңдаушыларына сертификаттар берілді.

       Оқыту іс – шарасын ОӘО-ның Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі  ұйымдастырды. Дәріскерлер ретінде:

  • Касымкулова Л.Т. – ОӘО – ның басшы орынбасары;
  • Абдреимова М. Р. – ЦжҚО бөлімінің басшысы.

        Оқу жоспарының орындалуы, кестеге сәйкес үзіліссіз жүзеге асырылды.

        Арнайы курс аяқталған соң жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау барысында, қатысушылар курсты ұйымдастырғандар мен оқытушылардың кәсібилігін жоғары бағалады.