Date of publication: 06.06.2022 17:25
Date of changing: 06.06.2022 17:27

2022 жылғы 1 – 3 мусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Аудит департаменті Берешектермен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Әдейі банкроттық белгілерін анықтау, оның салдары» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне әдейі банкроттық белгілері мен салдарын анықтау жөніндегі жұмыстың принциптеріне, негіздеріне, тәртібіне, ерекшеліктеріне түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде:

-   Қадес Ержан Амангелдіұлы - Комитеттің Аудит департаменті Берешектермен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының қызметкері сөз сөйледі.

Қатысушылар әдейі банкроттық белгілері мен салдарын анықтаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстың негіздерімен және ерекшеліктерімен танысты

Семинардың қорытындысы бойынша 97 қатысушы біліктілігін арттырды.