Date of publication: 13.06.2022 11:30
Date of changing: 13.06.2022 11:32

2022 жылғы 8 - 10 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Smitt & Orlov intellectual Property» ЖШС бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Контрафактілік тауарларды анықтау және олардың іс-жүзінде түпнұсқадан айырмашылығы» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – «Контрафактілік тауарларды анықтау және олардың іс-жүзінде түпнұсқадан айырмашылығы» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде «Smitt & Orlov intellectual Property» ЖШС – Патенттік өкілі, Еуразиялық патенттік өкілі  Имансаева Айжан Мейрхановна сөз сөйледі.

Қатысушылар - «Контрафактілік тауарларды анықтау және олардың іс-жүзінде түпнұсқадан айырмашылығы» тақырыбы бойынша жұмыстың негіздерімен және ерекшеліктерімен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 95 қатысушы біліктілігін арттырды.