Date of publication: 17.06.2022 11:19
Date of changing: 17.06.2022 11:22

«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі (бұдан әрі – Жоба)

          Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жоба – тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ашықтығы мен  айқындығын қамамасыз ету мақсатында әзірленді.

          Ашық өлшемшарттар санының ұлғаюы салық төлеушілердің өзінің салық саясатын дұрыс құруына мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде салық тәртібін сақауға әкеледі.

          Осы жоба 2022 жылғы 15 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталына  (http://legalacts.egov.kz) орналастырылған.

          Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 29 маусымға дейін.