Date of publication: 13.10.2016 16:29
Date of changing: 13.10.2016 16:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

Дәулет Ерғожин Парламент депутаттарын Шымкент кедендік рәсімдеу орталығының жұмысымен таныстырды.

Ағымдағы жылғы 13 қазанда Гүлжен Қарағұсова бастаған ҚР Парламентінің Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетіне барды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасв Дәулет Ерғожин депутаттар мен басқа қонақтарды кедендік рәсімдеу орталығының (КРО) жұмысымен таныстырды.

Ол мемлекеттік кіріс органдарының кедендік рәсімдеу және салықтық әкімшілендіру саласында енгізіп жатқан барлық жаңашылдықтар туралы айтып берді.

Депутаттар кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсарту іс-шаралары туралы толық ақпарат алды («Астана-1» ақпараттық жүйесі, электрондық декларациялау, біртұтас жеке шот және біртұтас тәуекелдерді басқару жүйесі).

Сонымен бірге Ерғожин ірі салық төлеушілер мен инвесторларды тексеруге деген жаңа тұғыр, сондай-ақ салық мониторингі және сотқа дейінгі аппеляция саласындағы өзгерістер туралы баяндады.

Ол тәуекелдерді басқару жүйесі бұзушылық таппаған жағдайда шекарада барлық операциалардан өту және тауарды шығару уақыты 29 минутта болатындығын атап өтті.

Ерғожиннің айтуынша бұндай жаңашылдықтар бірінші кезекте бизнесті әкімшілік араласудан қорғауға бағытталған.

Депутаттық корпустың кедендік рәсімдеу орталығына сапарының басты мақсаты бизнес жүргізу барысында кездесетін кедергілер мен мәселелерді қарау, сондай-ақ салық және кеден заңнамаларын жетілдіру үшін ұсыныстар жинау болды.

Депутаттар экономикалық тергеулер қызметінің негізгі жетістіктері туралы хабардар етілді.

Мәселен, ағымдағы жылғы 9 айда ЭТҚ 6356 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап жүргізуде. Олардың ішінде жалған кәсіпкерлік, жалған ақша жасау, заңсыз ойын бизнесі, салық және кедендік төлемдер төлеуден жалтару фактілері бар.

Дәулет Ерғожин ЭТҰ өз жұмысында мемелкеттің мүдделері мен қатар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғайтындығын ерекше атады.

Сөзінің аяғында МКК төрағасы ОҚО Әкімшілігіне мемлекеттік кірістер органдарына көмегі үшін алғысын білдірді.

Осыдан кейңн депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

КРО ғимаратынан шыққанда депутаттарға кедендік бекеттердегі қызметтік иттердің жұмысы көрсетілді. Олар автомобильдерге және жүк арасында тығылған наша және жарылғыш заттарды, валютаны қалай табатындығын көрсетті.

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)