Date of publication: 30.09.2022 17:38
Date of changing: 30.09.2022 17:39

Бүгінде еңбек қатынастары электрондық форматқа көшуде және меморгандар қажетті сервисті ұсынуы тиіс.

Пандемия көрсеткендей, көптеген жеке тұлғалар онлайн платформалар (Yandex, Glovo, Wolt) арқылы қызмет көрсетеді.

Осыған байланысты Қаржымині Еңбек министрлігімен бірлесіп, платформалық жұмыспен қамту саласында пилоттық жоба жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.

Пилот шеңберінде «E-salyq Business» мобильдік қосымшасында ЖК ретінде жеңілдетілген тіркеуден өту кезінде салықтарды интернет-платформа ұстайтын болады.

Пилот табысты аяқталған жағдайда, біз оны заңнамалық норма ретінде енгізе аламыз.

Салық төлеуші салық міндеттемесін жәй тәсілмен өз бетінше (Е-Salyq Azamat-та) немесе интернет-платформа операторы арқылы автоматты түрде орындай алады.