Date of publication: 30.09.2022 17:41
Date of changing: 30.09.2022 17:42

Қолда бар жүйелерді автоматтандыруды ескере отырып (ЭШФ және ТБЖ) камералдық бақылау, оның ішінде салық төлеушілерді бөлектеу және ҚҚС қайтару бойынша тәсілдер өзгеретін болады.

Қаржы министрлігі сервиске бағытталған орган  және әкімшілендірудің ең қарапайым рәсімдерін және салық міндеттемелерін орындаудың түсінікті үдерістерін жасауға тырысуда.

Жаңа Салық кодексінің шеңберінде экспорттаушылардың барлық санаттары үшін тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) бойынша тексеру жүргізбестен ҚҚС қайтару тәсілдері қайта қаралатын болады.

Салық есептілігін толтыру кезінде салық төлеушіге қолда бар деректер негізінде есептелген кірістер мен шығыстар сомасын таңдаудың баламалы нұсқасы ұсынылатын болады, бұл есептерді тапсыру кезінде арифметикалық қателерді болдырмайды.

Қашықтықтан өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік беретін көлденең мониторинг сияқты цифрлық шешімдерге көшеміз.

Қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау салықтық тәуекелдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдар) айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ салықтық тексерулер қорытындылары бойынша ұзаққа созылған дауларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні алты субъект бойынша, жалпы сомасы 62 млрд. теңге салық мәселелері сотқа дейінгі реттелді, бұл шамамен 40 млрд. теңге айыппұлды үнемдеуге мүмкіндік берді.