Date of publication: 30.09.2022 17:52
Date of changing: 30.09.2022 17:54

Кедендік операцияларды автоматтандырылған мониторингілеу мақсатында инспекциялық-жете тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттерін, кедендік декларациялардың сипаттамалық бөлігін талдау үшін жасанды зердені қолдану жоспарлануда.

Осылайша, шешім қабылдау кезінде адами фактор алынып тасталады

Бұдан басқа, ҚТЖ-мен және басқа тасымалдаушылармен ақпарат алмасу жолға қойылған

Көрші елдермен алдын ала ақпарат алмасу жүзеге асырылуда

Статистиканы үнемі салыстырып тексеру жүргізіледі. Импорттаушы немесе транзиттеуші шекараға жақындағанда –  маман оның қандай тауарды алып жүргенін, оны кімнен сатып алғанын, тауардың құны қандай екенін көріп отырады.

Осымен мемлекеттік органның қатысуының тиімділігі көрініп тұр.