Date of publication: 05.10.2022 09:49
Date of changing: 05.10.2022 09:52

2022 жылғы 28 – 30 қыркүйек аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бұзғаны үшін жауапкершілік. Бизнес процестерді оңтайландыру» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмайтынын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу ең аз мерзімде жүргізілетінін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендейтінін, қаржылық шығындар қысқаратынын, сондай-ақ қоса берілетін құжаттар саны қысқаратынын түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10.05 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

 Дәріскер ретінде – ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы – Бауыржан Мерекеевич Искаков қатысты.

Қатысушылар мемлекеттік қызметтердің ақпараттық жүйелерімен,            е-Salyq Azamat мобильді қосымшасында көрсетілген сервистер мен қызметтермен,   еGov mobile, eGov Business сервистері мен мемлекеттік қызметтермен, Халық банк, Каспи банк мобильді қосымшаларымен, салық төлеушілерді тіркеу кезінде ұсынылып отырған өзгерістермен, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуде ұсынылатын өзгерістермен, салық есептілігін қабылдауда ұсынылатын өзгерістермен,  салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруда (ұзартуда, қайта жаңартуда) ұсынылатын өзгерістермен, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаның тіркеу есебінде ұсынылатын өзгерістермен таныстырылды.

Семинардың қорытындысы бойынша 190 қатысушы біліктілігін арттырды.