Date of publication: 22.04.2015 11:51
Date of changing: 22.04.2015 11:53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусымдағы) сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндық және салмақтық нормалары белгіленген. Осындай тауарлардың кедендік құны баламалы 1500 евро (әуе көлігі үшін 10000 евро) сомасынан  аспауы тиіс, ал тауардың жалпы салмағы 50 кг артық болмауы керек.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 464-бабының 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды:
«Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарлардың сипаты мен санын, жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) оның осы шекара арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып айқындайды.».

Осыған байланысты, «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына қол қойылды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 10738 болып тіркелді.

Бұйрықпен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың сандық критерийлері, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы  арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі белгіленген.

Жоғарыда көрсетілген Бұйрық 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет"  Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған және 2015 жылғы 2 мамырда қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтының  «ҚР заңнамасы» - «Нормативтік құқықтық актілер» - «Бұйрықтар»  деген бөлімінде орналастырылды.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі