Date of publication: 22.04.2015 13:10
Date of changing: 22.04.2015 13:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

АҢДАТПА

 

2015 жылғы 23 сәуірде сағат 16-00-де ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және коммерциялық емес ұйымдардың (ҰКП, ҚХА) және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Көлеңкелі айналымның азаюы: Жария ету бойынша науқанның аралық қорытындысының сараптамалық бағасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында жария ету бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер, жария етуді өткізудің халықаралық тәжірибесі, 7 ай ішіндегі жария етудің аралық  қорытындысы жарықтандырылатын болады.

Спикер – Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сағнаев.

 

БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар:

+7 (7172) 70-99-48, 70-99-22, 8-701-358-31-97, 8-777-533-72-47 және keden_kz@mail.ru; rsharipova@mail.ru электрондық мекен-жайлары бойынша жүргізіледі. 

Дөңгелек үстелдің өткізілу орны:         Астана қаласы, Бейбітшілік көш., 10

                                                                                     

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі