Date of publication: 08.02.2024 16:47
Date of changing: 08.02.2024 16:52

     Салықтық және кедендік аудиттің нәтижелері туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры Қадыр Исмағұлов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

      2023 жылы барлығы 16 мыңға жуық салықтық тексеру (16 407) аяқталды, бұл өткен жылға қарағанда 3 мың тексеруге аз.

      Бұл пайыздық арақатынаста барлық тіркелген бизнес субъектісінің 1%-ынан аз, яғни 2021 жылы -1,7 миллонның ішінен 16 мың (0,94%), 2022 жылы 2,1 миллонның ішінен 19 мың (0,90%) және 2023 жылы 2,3 миллонның ішінен 16 мың (0,7%). Жалпы, біздің ойымызша, кәсіпкерлердің басым бөлігі салықты адал төлейтінін көрсетеді.

      Егер терең үңілсек 16 мың тексерудің 13,2 мыңы немесе 80%-ы құжаттық тексерулер емес, бұл ешқандай салықты қосымша есептеуге әкелмейді.

      Бұл жекелеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер, яғни: заңсыз алкоголь өнімдері бойынша, чектер берілмеген кезде азаматтардың шағымдары бойынша - кассалық тәртіпті сақтау, өзара есеп айырысуларды растау үшін қарсы тексерулер, ЕАЭО ішінде тауарларды өткізу кезінде тасымалданатын жүктердің сәйкестігі, үшінші тұлға арқылы салық төлеуден жалтарған салық төлеушінің салық берешегі болған кезде - касса бойынша өкімді сақтау немесе дебиторларды анықтау бойынша жүргізілді.

      Сонымен қатар, барлығы 3,2 мың құжаттамалық тексеру жүргізілді, бұл барлық тіркелген бизнес субъектілерінің 0,1%-ы ғана, нәтижесі бойынша қосымша 329 млрд.теңге есептелді. Оның 45% - ы немесе 1,4 мыңы салық төлеушілердің өтініші бойынша, тарату тексерулері Комитеттің бастамасы бойынша емес.

      Өткен жылдардағы тексерулерді есепке ала отырып, салықтық тексеру актілерінің нәтижелері бойынша – 214 млрд.теңге, бюджетке өндірілді

       Мерзімді тексерулерді қоспағанда, құжаттамалық тексерулер жоспарланған кесте бойынша тағайындалады, олар бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушіге алдын ала хабарлайды, бұл соңғы шара ретінде жүргізіледі.

       Ол үшін бұзушылықтардың алдын алу, бұзушылықтарды дербес жою құқығы мен мүмкіндігін беру мақсатында салық және кеден заңнамасында камералдық бақылау механизімі көзделген. 

       Бұл кәсіпкерлерге салықтық есептердегі қателіктерді, бұзушылықтарды әкімшілік айыппұлсыз, ауыртпалықсыз жоюға немесе түсініктеме беру арқылы алшақтықтардың себептерін түсіндіруге мүмкіндік береді. 

      2023 жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 мыңнан астам хабарлама бойынша салық есептіліктері түзетілді, 61 мың хабарлама бойынша бұзушылықтар жойылды және әкімшілік айыппұлсыз 276 млрд. теңге төленді.

      Сонымен қатар, мерзімдік тексерулерден басқа, құжаттамалық тексерулер бойынша Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс шеңберінде кәсіпкермен анықталған бұзушылықтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі, әңгімелесу хаттамасы жасалады, оған келіспеген жағдайда, салық төлеуші жазбаша ұстанымды ұсынады немесе бұзушылықтарды дербес жояды, бұған да айыппұл салынбайтынын атап өткім келеді. 

      Жалпы, 2023 жылы Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс шеңберінде 488 кәсіпкермен әңгімелесу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 313 кәсіпкер келіспеді, олар бойынша тексерулер тағайындалды және 175 бұзушылықтар жойылды, кейіннен бюджетке 10,1 млрд.теңге есептелді және төленді.

       Тексерулердің қорытындысы бойынша оң немесе теріс нәтижелер маңызды емес, біз салық төлеушілерді тексерулерге іріктеу бойынша Тәуекелдерді басқару жүйесін, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелерін ескере отырып түзетеміз.

       Жалпы, Комитеттің жұмысы тексерулер санын қысқартуға, салықтық және кедендік бұзушылықтарға жол бермеуге, бұзушылықтар болған жағдайда оларды тексерусіз, әкімшілік айыппұлсыз жоюға бағытталған.

     Бұған, жоғарыда айтылғандардан басқа, «Атамекен» ҰКП – мен бірлескен «Қырағылық таныту» пилоттық жоба дәлел.

       Жобаның мәні мынада: «Атамекен» ҰКП-ның «РБП АЖ» ақпараттық жүйесі арқылы кез келген кәсіпкер еркін, ерікті негізде, қалауы бойынша басқа бизнес субъектісімен шарт немесе келісімшарт жасасқанға дейін контрагенттің сенімділігін көре алады. 

       Онда бәрі өте қарапайым, сенімді контрагент – жасыл аймаққа, қауіпті – қызыл аймаққа түседі.

       Осыған сүйене отырып, кәсіпкер алдағы уақытта салық дауларын азайту үшін контрагентті мұқият зерттеп, қажет болған жағдайда оларды қайта қарай алады.

        Әрине, бұл кезеңде, тіпті контрагент жасыл аймаққа түссе де, бұл контрагент 100% сенімді дегенді білдірмейді және бұл есеп айырысулар ертең жалған деп танылуы мүмкін екеніне кепілдік бермейді, бірақ бұл бағытта жұмыстар белсенді жүргізілуде. Сол сияқты, қызыл аймақтағы компания сенімсіз дегенді білдірмейді, бірақ бұл мұқият тексеруді қажет ететін сигнал.  

       Айта кету керек, Комитет салық құпиясының сақталуын және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету үшін «Атамекен» ҰКП-ға сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, тіркеу деректері туралы ақпаратсыз мәліметтерді жібереді.

      Біріншіден, бұл Пилот бизнес үшін жаңа ауыртпалықтар болмайды. Бұл тегін және ерікті.

      Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары әкімшілендіру кезінде, салықтық бақылау кезінде көрсетілген тиісті қарап-тексеруді міндетті түрде ескереді. Мұның барлығы осы \пилотта көзделген.

      Кедендік тексерулер бойыншада тәсілдер және жалпы жағдай ұқсас.

     Біз шекарадағы кедендік ресімдеу кезіндегі емес, тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін тексерулер туралы айтып отырғанымды атап өткім келеді.  

      2023 жылы барлығы 4 457 кедендік тексеру аяқталды, бұл жалпы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының 7%-ы (61,8 мың), тексеру нәтижелері бойынша 38 млрд.теңге өндірілді.

      Оның ішінде 2 328 немесе 52% кедендік құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізілді, бұны қарапайым түрде түсіндіретін болсақ тексерілетін тұлғаға бармай сұрау салу және растайтын құжаттарды алу немесе декларацияға түзету енгізу арқылы жүргізіледі.

       Олардың жартысынан көбі 1 285 немесе 55% сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өтініштері және 1 043 немесе 45% декларацияларда анықталған сәйкессіздіктер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салу нәтижелері бойынша енгізілген түзетулер.

      Түзету есебінен бюджетке қосымша 22 млрд.теңге түсті, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша 16,6 млрд.теңге, сұраныстарды орындау нәтижесінде 5,4 млрд.теңге түсті.

      Камералдық бақылау нәтижесінде 1 710 хабарлама жолданды, оның ішінде 1 614 орындалды, 6 млрд.теңге қамтамасыз етілді.

      Сонымен қатар, 482 камералдық, көшпелі кедендік тексеру жүргізілді, бұл жалпы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың 0,8%-ы, тексеру нәтижелері бойынша 22 млрд.теңге қоса есептелінді. 

       Сонымен қатар, анықталған кедендік бұзушылықтар туралы ақпаратты ЕАЭО-қа қатысушы елдердің кеден органдарымен тұрақты негізде алмасу, олардың экспорты және тауарларды әкелу (импорт) туралы алдын ала ақпарат алу бойынша Ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер шеңберінде (10 ел) шет мемлекеттердің кеден органдарымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.