Date of publication: 08.02.2024 21:28
Date of changing: 08.02.2024 21:30

Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабының 28-тармағына сәйкес

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендердің салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз етуге міндетті.

Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Мемлекеттік кірістер органдарының  ақпарат жүйесіне мынадай мәліметтерді беруді жүзеге асырады:

1) бәс тігуге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) ағымдағы күнгі сағат 00:00-дегі бәс тігуге қатысушының жеке ойын шотындағы (аккаунтындағы) теңгерім сомасы жағдайы;

3) бәс тігуге қатысушының ойын шотын (аккаунтын) толтыру күні мен уақыты;

4) бәс тігуге қатысушының ойын шотын (аккаунтын) толтыру сомасы;

5) бәс тігудің жасалған күні мен уақыты;

6) бәс тігу шеңберінде бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін сомасы;

7) бәс тігу нәтижесінің басталу күні мен уақыты;

8) бәс тігуге қатысушыға төленуге жататын ұтыс сомасы;

9) бәс тігуге қатысушының ойын шотынан (аккаунтан) қаражат алу күні мен уақыты;

10) бәс тігуге қатысушының ойын шотынан (аккаунтан) алынған қаражат сомасы.

Мемлекеттік кірістер органдары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтердің сақталуы мен құпиялылығы;

2) Мемлекеттік кірістер органдарының  ақпарат жүйесінің жұмыс қабілеттілігі.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің, «Ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсе және тотализаторлардың аппаратық-бағдарламалық кеңселердің мемлекеттік кірістер органдарының ақпарат жүйелерімен интеграциялау қағидаларын және осындай интеграциялау арқылы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту бекіту туралы» бұйрық  жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында 2024 жылғы 08 – 22 ақпан аралығында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14931911).