Date of publication: 16.02.2024 19:27
Date of changing: 16.02.2024 19:29

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы өз қызметін қорытындылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Ж.Ж. Дүйсембиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысына Комитеттің басшылық құрамы мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында Комитет төрағасы Жандос Дүйсембиев пен төраға орынбасарларының ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндамалары тыңдалды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салық түсімдері 4 068,9 млрд теңгеге (27,4%), оның ішінде республикалық бюджетке 2 885,6 млрд. (28,8%) және жергілікті бюджетке 1 183,3 млрд. (24,6%) теңгеге артық түскен.

Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғаларға 42 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 38-і электронды түрде.
2023 жылы 20 614 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 99,3%-ы электрондық түрде. Нәтижесінде қызмет көрсету орталықтарына адамдардың келуі 2022 жылмен салыстырғанда 27% - ға қысқарды.

Жандос Дуйсембиев өз сөзінде «көлеңкелі» экономиканы төмендету және салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, оның ішінде оны цифрландыру арқылы, кешенді шаралар қабылдау есебінен бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау, елден капиталды шығаруға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша МКК Төрағасы алдағы міндеттерді айқындап, Комитет қызметін жақсарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.