Date of publication: 08.04.2024 10:55
Date of changing: 08.04.2024 10:57

       ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан-Ресей шекарасында 13 650 литр жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 103 әрекетін анықтап, жолын кесті. Қазақстан-өзбек шекарасында 11 135 литр жанар-жағармайды заңсыз шекара асыруға 68 әрекет жасалды. 3,7 млн. теңге айыппұл өндірілді.​

      Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған. Тыйым Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай материалдарының тапшылығын болдырмау үшін нормативтік актілермен бекітілген.

      ​Мемлекеттік кірістер комитеті белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылау жүргізеді. Тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады. Электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің кедендік декларациялауын болдырмау мақсатында шаралар қабылданған.

     МКК мұнай өнімдерін заңсыз әкету фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізеді. 2023 жылы Қазақстан-өзбек шекарасында 79 800 литр мұнай өнімдерінің заңсыз әкетуіңің 294 әрекеті тоқтатылды. Мемлекет бюджетіне 24,5 млн. теңге айыппұл өндірілді. Қазақстан-Ресей шекарасында 60 мың литрге жуық мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 324 фактісінің жолы кесілді.

     Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде жүргізеді.