Date of publication: 08.04.2024 17:51
Date of changing: 08.04.2024 17:53

      ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас сарапшысы Қамбарбеков Қаршығабек Мұхамбекұлын құрметті демалысқа шығуымен құттықтайды.

     Қаршығабек Мұхамбекұлының еңбек жолы 1978 жылы Есік қаласы ГорПО Есік қоймасының жұмысшысы болып жұмыс істеуден басталды.

     Қаржы министрлігінің құрылымында қызметін 2002 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық комитеті Өңдіріп алу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

     Сондай-ақ, 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Салық комитетінде және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарды.

     Қаршығабек Мұхамбекұлы ұзақ еңбек жолында өзін сауатты және өз саласының кәсіби маманы ретінде көрсете білді. Мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты.

     Жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін адал және мінсіз еңбегі үшін Қаршығабек Мұхамбекұлы ҚР Қаржы министрінің және ҚР ҚМ МКК Төрағасының Құрмет грамоталарымен, «ҚР Тәуелсiздiгiне 30 жыл» мерейтойлық медалiмен, сондай-ақ «Ерен еңбегi үшiн» медалімен марапатталған.

      Өз жұмысына деген адалдығы, жоғары біліктілігі, жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігі үшін ол әріптестерінің ғана емес, қызмет барысында басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды.

      Құрметті Қаршығабек Мұхамбекұлы құрмет демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! Зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз.

      Барлық жоспарларыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуын тілейміз!

      Құрметпен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы.