Date of publication: 09.04.2024 17:57
Date of changing: 09.04.2024 18:00

       Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасында авторизациялау мен қол қоюдың жаңа әдісін енгізді.

      Авторизациялау мен қол қою үшін QR пайдалану жөніндегі функциялар портал үшін де (2023 жылғы қыркүйектен бастап), мобильді қосымшада да  қолжетімді. Мобильді қосымшаны «Play Market» және «App Store» дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

      QR пайдалануға 3 қадам:

        1) «QR арқылы кіру» авторизация түрін тандаңыз;

        2) Мобильді құрылғының көмегімен  eGov mobile қосымшасын ашып, «eGov QR» батырмасын басыңыз;

        3) QR-кодын сканерлеп, қол қойыңыз.

         Толық бейненұсқаулық осында:

         https://youtu.be/X3tgMM3mvxM?si=joGB9dvjomTaV4i9

         QR кодын электронды құжаттарға қол қою үшін де пайдалануға болады.

          ЭШФ АЖ жұмысы бойынша техникалық сұрақтар туындаған жағдайда  esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына және +7(7172)72-51-61 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.