Date of publication: 10.04.2024 18:17
Date of changing: 10.04.2024 18:18

       Түркістан облысында тек екі күнде сауда нүктелерінде құны 6,2 млн. теңге заңсыз алкоголь мен темекі өнімдері анықталған. Оның ішінде:

       - тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарсыз, тиісті лицензиясыз сақтаған 5,7 мың бөтелке, құны 4,4 млн. теңге, әр түрлі атаудағы алкоголь өнімдері;

       - сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған 5,2 мың қорап, құны
1,8 млн.
теңге, «Оris», «Oscar», «Zumerret», «Mondeo» маркалы темекі өнімдері анықталды.

       Аталған заң бұзушылықтарын 2024 жылдың 4 және 5 сәуірінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Созақ, Ордабасы және Түлкібас аудандық басқармаларының қызмекерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде анықтады.

      Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463, 283, 283-1 баптары бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.

     Салық төлеушілерге құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркіленіп, 50-ден 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады.

     Еске саламыз! Қазақстан Республикасының аумағында тиісті лицензиясыз, тауарларға ілеспе жүк құжаттарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған акцизделетін өнімді өткізуге тыйым салынады.