Date of publication: 26.04.2024 16:47
Date of changing: 26.04.2024 16:49

      Жеке тұлғалар шекарадан тауарларды өткізгенде бұл тауарлар қай жағдайда жеке пайдалануға арналған болып есептеледі, осы тұста   қандай шектеулер бар? Бұл тұралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Саудалық емес айналым басқармасының бас сарапшысы Қуат Қалдашев ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасынын Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған.

      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне (ҚР ҚМ 31.03.2015 ж. № 250 бұйрығы) сәйкес келесі тауарлар жатады, егер:

      1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

      ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;

      планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

      портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

     зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

     велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

     бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

      2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

       Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

       ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешіміне сәйкес құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде әкелінеді.

       Без уплаты таможенных пошлин, налогов товары для личного пользования ввозятся на таможенную территорию ЕАЭС в пределах стоимостных, весовых и (или) количественных норм в соответствии с Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 20 декабря 2017 года № 107.

       2024 жылғы 1 сәуірден бастап бажсыз әкелу шегі өзінің бұрынғы деңгейіне дейін төмендеді.

      Яғни, әуе тасымалынан басқа, жаяу және ілеспе немесе ілеспе емес багажбен әкелінетін тауарлар үшін норма 500 еуро және 25 кг құрайды.

      Ал тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жеткізілген тауарлар үшін норма 200 еуро және 31 кг.

       Егер тауардың құны мен салмағы көрсетілген нормалардан асып кетсе, тауар құнының 30 пайзы төленеді, бірақ ілеспе немесе ілеспе емес багажда әкелінетін тауардың асып кету бөлігінде  1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес.

      Егер тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдерінде жеткізілген тауарлар нормадан асып кетсе, құн нормасынан асып кету бөлігінде тауар құнының 15 пайызы төленеді, бірақ салмақ нормасынан асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін кемінде 2 еуро төленеді.

      Сондай-ақ, жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу шіберінде төменде 2023 жылғы және 2024 жылғы 1 тоқсандағы кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер келтірілген.

      Есірткі заттары мен прекурсорлардың контрабандасы:

      2023 жыл - 67 факт;   

      2024 жылғы 1 тоқсан – 42 факт.

      Материалдар қылмыстық іс қозғау үшін уәкілетті органға берілді.

      Валютаны заңсыз шығару:

      2023 жыл – 9,3 млн АҚШ долл, ӘҚБтК 551-бабы 3-бөлігіне сәйкес 198 әкімшілік іс қозғалып, 6,8 млн тг айппұл өндірілді;

      2024 жылғы 1 тоқсан – 2,1 млн АҚШ долл, ӘҚБтК 551-бабы 3-бөлігіне сәйкес 52 әкімшілік іс қозғалып, 1,9 млн тг. айппұл өндірілді.

       Мәселен, 2023 жылдың 4 мамырында Шымкент-Ыстамбұл рейсінде құны - 41,1 млн тг құрайтын, салмағы - 1,434 кг алтынды заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді

       Аталған құқықбұзушылық  ҚР ҚК 234-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғау үшін  ЭТД-ға берілді.

      Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасының сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген міндетті қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қоршаған ортаны қорғау және т.б.).

      Мысалы, «Қорғас» ШЫХО-да 2024 жылғы 13 наурызда кедендік бақылау жүргізу кезінде Қ ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, «Toyota» автокөлігінің қосалқы дөңгелегінде бақылаудан жасырылған «ақбөкен мүйіздері» анықталған. Жалпы саны 205 дана.

      Материалдар қылмыстық іс қозғау үшін уәкілетті органға берілді.