Date of publication: 14.03.2017 11:32
Date of changing: 14.03.2017 11:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Мемлекетке салықтан жалтару арқылы келтірілген шығын – 54 млрд. 568 млн. 910 мың 786 тенгені құрайды.

         Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті экономикалық тергеу қызметінің жедел тергеу тобымен Алматы қаласында, ұйымдасқан топ құрып, оған басқа тұлғалармен бірлесіп басшылық жасап, экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыстар жасау мақсатында, мемлекетке аса ірі мөлшерде шығын келтірумен қасақана қылмыс жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, нәтижесімен салықтан босату мақсатын көздеген немесе басқа мүліктік пайда тауып немесе басқа тыйым салынған қызметті жасыру мақсатында 84 (сексен төрт) коммерциялық ұйымдарды тіркеуді, осы әрекетімен мемлекетке ірі мөлшерде зиян келтіріп, сонымен қатар, басқа да төлем құжаттарын сату мақсатында төлемдік құжаттарды сатып, Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет саласында құқық қатынастарының заңдылығының ұстамына қол сұғатын қылмыстарды жүйелі түрде жасаған тұлғалар құрықталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

         Ұйымдасқан топтың мүшелерінің жоспарының мәні қылмыстық топтың мақсатында хабары жоқ бірқатар азаматтардың құжаттарын пайдалана отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысаны бар заңды тұлғаларға, Алматы қаласында орналасқан банк филиалдарында есеп шоттарын ашып, содан кейін жоғарыда көрсетілген мақсаттармен оларға кәсіпкерлік қызметпен айналысатын басқа заңды тұлғалардың есеп шоттарынан ақша қаражаттарын аударған.

         Түскен ақша қаражаттары чек бойынша қолма-қол түрде банк кассаларында алынып, одан белгілі бір пайыз есептеліп, заңсыз қаржы операциясына тапсырыс берген тұлғаға қайтарылатын. Осындай қылмыстық жүйе қылмыстық топтың мүшелерінің заңсыз әрекеттерін және басқа да тұлғалардың заңсыз әрекеттерін жасыру үшін дайындалған.

         Ұйымдасқан топпен міндеттерді және қылмыстық әрекеттің жоспарын жүзеге асыру үшін ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары және басшыларымен алдын ала құрылымы әзірленген, рөлдері және міндеттері бөлінген қолма-қол ақшалай қаражаттарды алумен ұйымдасқан топ қатысушыларына құқықтар ұсыну үшін жалған құжаттарды пайдаланумен жасырыну жүйесі әзірленген, қолма-қол ақшаны алу және табыс ету тәртібі анықталған, құрылған жалған кәсіпорындардың мөрлері жасалған.

         Сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кірген 20 (жиырма) тұлға 84 (сексен төрт) жалған кәсіпкерлік субъектісінің атына Алматы қаласының екінші деңгейлі банктерінде ашылған есепшоттардан 159 млрд. 227 млн. 496 мың 716 тенге қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды. Тиісінше ұйымдасқан қылмыстық топтың мүліктік пайдасы 6% құраған, яғни 9 млрд. 553 млн. 649 мың 802 теңгеге тең.

         Мемлекетке салықтан жалтару арқылы келтірілген шығын – 54 млрд. 568 млн. 910 мың 786 тенгені құрайды.

         Жедел тергеу тобы жұмысының нәтижесінде 2293 заңды тұлғадан 5 107 407 171 теңге шығын өндірілді, сонымен қатар 240 982 675 тенгеге шектеу қойылды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)