Date of publication: 30.03.2017 11:35
Date of changing: 30.03.2017 11:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақ-өзбек шекарасындағы кедендік пост бойынша

 

Ағымдағы жылдың 23-ші наурызында, Астана қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің кездесуі барысында екі елдің шекаралық ынтымақтастығын кеңейту туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Бұл процесс шеңберінде 2006 жылдың 4 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасындағы бақылау бекеттері туралы хаттамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, «Қапланбек», «Қазығұрт» және «Атамекен» бақылау бекеттері «екі бағыттыдан» «көп бағыттыға», «күндізгі» жұмыс режимінен «тәуліктік» жұмыс режиміне ауысу жұмыстары. Сонымен қатар, жеңілдетілген «Целинный» және «Сырдария» бақылау бекеттері ашылды. Қазіргі уақытта  Астана мен Ташкент арасында қазақ-өзбек шекарасында ашылуы мүмкін қосымша бақылау бекеттеріінің құрылысы жайында сұрақтар қаралып жатыр.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 наурызынан бастап ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.У. Маминмен жиналыс хаттамасы бойынша Инвестициялар және даму министрлігіне Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ОҚО әкімшілігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, қазақ-өзбек шекарасындағы қолданыстағы бақылау бекеттерін жаңарту және жаңғырту жоспары бойынша тиісті жоба әзірлеу міндеттелді. Жобада бақылау пункттеріне бағытталған автокөлік жолдары мен көпірлерді жөндеу жұмыстары да қарастырылды.

Жобаның тиісті жоспары Инвестициялар және даму министрлігімен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірленіп, мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізілу үстінде. Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы саны 5 бақылау бекеттеріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде: 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 2.

Анықтамалық:

            Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өзбекстан Республикасымен шекара ұзақтығының сызығы 958,76 км құрайды.

ОҚО Өзбесктанның үш облысыменшектеседі (Ташкент, Сырдария, Жизақ).

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрамында:

-       «Шымкент КРО», «Оңтүстік АЭА», «Түркістен» 3 ішік кеден бекеттері;

-       Өзбекстан Республикасының шекарасында 6 кеден бекеттері орналасқан: «Қазығұрт», «Жібек-Жолы», «Қапланбек», «Сарыағаш станциясы», «Б.Қонысбаев», «Атамекен»;

-       Шымкент қаласының халықаралық әуежайында 1 кеден бекеті .

            Шекаралық кеден бекеттері қажетті инфрақұрылыммен және барлық замануи электрондық кедендік бақылау құралдарымен жабдықталған, бұл ЕЭО кедендік шекарасынан өтетін тауарларға және көлік құралдарына тығыз арада кедендік рәсімдеуді және кедендік бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді.

            «Жібек-Жолы» кеден бекеті Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек Жолы елді мекенінде орналасқан. 1992 жылғы 30 қазанда № 906 «Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттері туралы» Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің Қаулысымен 1992 жылы құрылған. Негізгі жолаушылар ағымы өтетін маңызды өткізу пункті болып табылады.Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы «Жібек Жолы» өткізу пункті арқылы өтетін жеке тұлғалар саны орташа тәулігіне 14 мың. Бұл өткізу қабілеттігіне кеден бекетін қайта жаңғырту арқылы қол жеткізілді, оны жолаушылар терминалын 2009 жылы соғу арқылы жүргізілді.

             Өзбекстан Республикасымен арадағы Келісімге сәйкес халықаралық мәртебеге ие, бұл ЕЭО кедендік шекарасы өткізу пункті арқылы көлік құралдарымен және қалаған елдер азаматтарының өтуіне мүмкіндік береді.

             2016 жылы «Жібек Жолы» КБ кедендік шекарасы арқылы: жеке тұлғалар - 5 224 222  тұлға (2016 жылы - 4 228 805 тұлға); 961 кедендік жолаушылар декларациялары (2015 жылы – 188 КЖД) рәсімделген; 2 785 бірлік – жеңіл автокөлік құралдары (2015 жылы - өтпеді) өтті.

             «Қапланбек» кеден бекеті Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында орналасқан автомобиль өткізу пункті болып табылады. 1993 жылы құрылған. Бекеттің бастапқы атауы Үчхоз-Қапланбек, бақылау өткізу пункті ретінде «Жібек Жолы» кеден бекетінің құрамына енген. Бөлек кеден бекеті болып   «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің Тізімін және Қазақстан Республикасы аумағында көлік бақылау бекеттерін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 ақпанда № 238 Қаулысына сәйкес жұмыс атқара бастады. 2006 жылы «Қапланбек» өткізу пунктіне қайта жаңғырту жүргізілді.

            ЕЭО кедендік шекарасы арқылы негізгі жүк автомобиль құралдары ағымдары өтетін маңызды өткізу пункті болып табылады. 2016 жылы ЕЭО кедендік шекарасы «Қапланбек» кеден бекеті арқылы 28 мың. жүк және жеңіл автокөлік құралдары, 1 850 мың. жеке тұлғалар өтті. 

            Өзбекстан Республикасымен арадағы Келісімге сәйкес екі тараптық мәртебеге ие, бұл ЕЭО кедендік шекарасы өткізу пункті арқылы көлік құралдарымен және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы азаматтарының өтуіне мүмкіндік береді.

            2016 жылы осы «Қапланбек» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы 127,2 млн. АҚШ долларды (2016 жылы – 23,3 АҚШ доллар ) құрады. Тауар айналымның өсуі көкөніс және жеміс-жидектердің автомобиль көлігімен   Өзбекстан Ресупбликасынан енгізумен түсіндіріледі.

             «Қазығұрт» кеден бекеті Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, «Алматы-Термез» М-39 негізі жолынан 300 м қашықтықтағы «Жемісті» ауылында орналасқан. «Жібек Жолы» кеден бекетінің штаттық санын қысқарту арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Кедендік комитеті 2000 жылғы 30 желтоқсанда №36с бұйрығымен құрылған.

             Өзбекстан Республикасымен арадағы Келісімге сәйкес екі тараптық мәртебеге ие.

            2016 жылы ЕЭО кедендік шекарасы «Қазығұрт» кеден бекеті арқылы 9 мың. жеңіл және 800 жүк автомобиль құралдарығ 785 мыңнан астам жеке тұлғалар өтті. Жүк көліктерінің аздығы Өзбекстан Республикасы тарапынан жол жөндеулеріне байланысты шектеулер енгізуімен түсіндіріледі.

            «Бауыржан Қонысбаев» атындағы кеден бекеті Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ақтөбе ауылдық өңірі, Ескі Қорған елді мекенінде орналасқан автомобиль өткізу пункті болып табылады. 1993 жылы «Жібек Жолы»  кеден бекетінің құрамына бақылау өткізу пункті болып кірген. Бөлек кеден бекеті болып «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің Тізімін және Қазақстан Республикасы аумағында көлік бақылау бекеттерін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 ақпанда № 238 Қаулысына сәйкес жұмыс атқара бастады.

            Өзбекстан Республикасымен арадағы Келісімге сәйкес халықаралық мәртебеге ие. Өткізу қабілеттігін арттыру үшін 2004 жылы өткізу пунктіне қайта жаңғырту жүргізілді.

            2016 жылы ЕЭО кедендік шекарасы «Б.Қонысбаев» кеден бекеті арқылы 42 мың. жүк және 11 мың. жеңіл автокөлік құралдары өтті. ЕЭО кедендік шекарасы осы өткізу пункті арқылы алыс шет елдерден келе жатқан Қазақстан Республикасы және ЕЭО елдері (Иран, Түркия және т.б.) аумағы арқылы транзитпен тауарлар және көлік құралдары өтетін маңызды кеден бекеттерінің бірі болып табылады.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)