Date of publication: 25.05.2017 10:19
Date of changing: 25.05.2017 10:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Салық төлеушілердің назарына!

 

       2017 жылдың 26 мамырында Атырау қаласында «Салық саясаты және әкімшіліктендіру: жаңа тәсілдер» атты конференция өтеді. Конференция тақырыбы салық төлеушілер арасында және жалпы қоғамда туындайтын ең маңызды тұжырымдамалық мәселелерді қамтиды.

    Ұйымдастырушылары: Қазақстан салық төлеушілері Ассоциациясы мен Салық және кеден кеңесшілерінің Ұлттық Ассоциациясымен бірге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

       Шараның өткізілетін күні: 2017 жылдың 26 мамыры.

       Басталу уақыты: 08:30

       Өткізілетін орны: Атырау қ., «Sultan Palace Hotel» қонақүйі, Абылқайыр Хан даңғылы, 70.

   Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті, ұлттық экономика, инвестициялар және даму, энергетика басшылары, Астана, Алматы қалалары мен облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар, жетекші аудиторлық, заң және кеңес беру компанияларының өкілдері, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен басқа салық төлеушілер қатысады.

    Барлығы 500 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі қабылдануы 2017 жылға жоспарланған жаңа Салық кодексін дайындау жұмыстарын жүргізуде.

         Салық заңнамасын реформалаудың негізгі бағыттары:

       - қосылған құн салығын алу механизмін жетілдіру;

       - қолданыстағы арнайы салық режимін реформалау;

       - жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін жетілдіру;

      - тиімді емес жеңілдіктерді, соның ішінде ДСҰ қарама-қайшы келетін салық жеңілдіктерін алып тастау;

      - салықты әкімшіліктендіруді жетілдіру болып табылады.

       Бұдан бөлек, салық жүйесін реформалаудың басты міндеті жаңа кен орындарын игеру бойынша инвестициялық қызметті көтеру есебінен ұзақ мерзімді перспективада кірістер тұрақтылығын сақтау мен табыстарды ұлғайту болып табылады.

      Конференция аясында ҚР ҚМ МКК өкілдерінің, ЭШФ АЖ мен бақылау-кассалық машиналар жасайтын компаниялар, жетекші консалтинг компаниялар өкілдерінің және т.б. қатысуымен конференция мәселелері бойынша кеңес стенді (қызметтер көрмесі) ұйымдастырылатын болады. Кеңесшілер көмегімен конференция қатысушылары:

- ЭШФ АЖ-мен жұмыс істеу үшін кілттер ала алады;

- жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша кеңес ала алады;

-ЭШФ АЖ жұмысының ережелерімен танысып, электрондық шот-фактуралар жазуға және жіберуге үйрене алады.

Тіркелу мәселелері бойынша8 7273341832

Әріптестік бойынша төмендегі байланыс телефоны арқылы анықтамалар алуға болады: 8 7172517057

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)