Date of publication: 25.05.2017 10:50
Date of changing: 25.05.2017 10:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Шекарада бақылау-профилактикалық іс-шараларының өткізілуі

 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылдың 1 маусым 30 шілде арасында Қазақстан Республикасы кірістер органдары Қырғызстан Республикасының кеден қызметімен бірлесіп, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының қолдауымен қазақстандық-қытайлық және қырғыз-қытайлық шекарада профилактикалық іс-шараларды өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Жоспарланған бақылау-профилактикалық іс-шаралар ҚХР-дан контрабандалық жолмен жиі тасымалдауға тырысатын тауарлар түрлерін қамтиды.

Бұл іс-шаралар контрабандалық тауарлардың тасымалдауын болдырмау және кедендік әкімшелендіруді жетілдіру арқылы   тұтынушылардың денсаулығын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған. 

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)