Date of publication: 20.06.2017 18:20
Date of changing: 21.06.2017 11:25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан азаматтары қылмысты әшкерелеудегі адал жұмысы мен кәсіпқойлығы үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне алғысын білдіруде.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қылмысты әшкерелеудегі кәсіпқойлығы үшін қызметкерлерге алғыс білдіретін азаматтар  тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне көптеген хаттар түседі.

Сондай хаттардың бірін Айгүл Мысаева жолдады. Ол Алматы қаласы бойынша МКК ІҚБ қызметкерлеріне алғысын білдіруде, нақтылап айтқанда, ІҚО бойынша бас маман-аға офицері- Болатбеков Бекзат және ІҚО бойынша  бас маман -аға тергеушісі Уразгалиев Талгаттың  қылмыстық істі әшкерелеу мен қылмыскерді тұтқындау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын сәтті жүргізгендері үшін. 

 

 

 

Айгүл Мысаева еліміз осындай адал және батыл қызметкерлерімен мақтан тұта алатынын ескерді. Бекзат Болатбеков өз әріптестерімен бірге санаулы күннің ішінде қылмыскерді тапты. Тергеуші - Талғат Уразгалиев бұл қылмысты тәулік бойы тергеу жұмыстарын жүргізіп, қысқа мерзімде әшкереледі.

- Мен елімізде осындай жұмысына адал қызметкерлердің бар екенін мақтан тұтамын, атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің жедел жұмыс ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерін ескергім келеді. Сендерге алғысым шексіз, жігіттер. Мұндай қиын, бірақ қажетті жұмыста сәттілік тілеймін, - деп Айгүл Мысаева хатын аяқтады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)