Date of publication: 23.06.2017 20:07
Date of changing: 28.06.2017 10:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кезекті Тәлімгерлер кеңесі өткізілді.

МКК Тәлімгерлер кеңесі 6 тәлімгерлер мен 6 қызметкерлердің Бейімдеу жоспарына сәйкес жасалған жұмыстарды тыңдады. Жас қызметкерлердің барлығының сөз сөйлеулері тәлімгерлер кеңесімен мақұлданды. Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі – Адам ресурстар басқармасының басшысы Қармыс Ғ.С. жас қызметкерлерге алдағы жұмыстарында сәттілік тіледі.

МКК Тәлімгерлер кеңесі 2015 жылдың 23 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 20 бабының 5 тармағына сәйкес ҚР ҚМ МКК Төрағасының 22.01.2016ж. № 54 - Ж  бұйрығымен құрылған.

         МКК Тәлімгерлер кеңесі тәлімгерлерді таңдау және олардың қызметтерін үйлестіру жұмысына қатысады, олардың қызметтерін ұйымдастыруда, тәлімгерлік жұмыста оң тәжірибе алмасуында, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)