Date of publication: 27.06.2017 10:56
Date of changing: 27.06.2017 10:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

            Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады. Мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді.

          23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге байланысты мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер комитетінің бірқатар қызметкерлерінің адал еңбектері бағаланды.

        Атап айтқанда, МКК басқарма басшысы - Әзізбек Жоламанұлы  Макеев және МКК бас сарапшысы - Жазира Эпизотқызы Жүнісбекова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және МКК бас сарапшысы - Күлшира Салаубекқызы Жабагинова Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

         Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш келген, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметшілері - Оразбақов Рүстем, Алтаева Наргиз, Қырықбаев Ерлан, Жарымбетова Әсем, Қондыбай Бағдат, Дүйсебаев Асылхан сынды тұлғалар салтанатты түрде ант қабылдады.

            Осы күнге орай, Комитетіміздің саф тума талантты әріптестеріміз өз күштерімен дайындаған концертін ұсынды.

            Құрметті әріптестер, елімізге амандық, бейбітшілік, бақыт, мол дастархан, сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілейміз!

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)