Date of publication: 16.08.2017 17:56
Date of changing: 16.08.2017 18:03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылдың 16 тамызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «Мемлекет және бизнес әріптестігі» тақырыбында форум өткізілді. Форум ҚР мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанының 3 жылдығына арналды.

Мемлекет басшысы Комитет алдына өршіл мақсат қойып отыр: 2025 жылға дейін салық жинауды ЖІӨ-ге шаққанда 15,8%-дан 25%-ға өсіру. Абсолютті көріністе бұл 7 трлн.-нан 17,7 трлн. теңгеге дейін өсім береді, оның 6,5 трлн. - МКК «Жаңғырту 3.0» Ұлт көшбасшысының жолдауын орындау шеңберінде жаңа бастамаларды енгізу есебінде.

Бұл үшін, бірінші кезекте, драйверлердің жаңа моделінің негізінде түсімдерді бизнеспен бірге жоспарлау қажет. Екіншіден, тексерулер және экономикалық тергеулер санын азайту қажет. Үшіншіден, мемлекет тарапынан бизнеске салық есептілігінің нысандарын қысқарту, салық бойынша кеңес беруді кеңейту және мемлекеттік кірістер органдарының инфраструктурасын жақсарту бойынша көмек беру қажет.

Жауап ретінде бизнес тарапынан салықтық әкімшілендіруге қажетті ақпараттық ашықтық күтілуде. Осылайша, қоғамдық басқару және МКК қызметінің тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруда ортақ күш салады.

Басты стратегиялық мақсат – тұтынушы-төлеушіге бағдарлауды жүзеге асыру мақсатында біз 5 негізгі міндеттерді анықтадық:

         1. Бизнеспен кері байланыс орнату

Бизнеспен кері байланыс Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен өзара байланыс негізінде орнатылған. Мемлекеттік кірістер органдары бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын 7000-нан астам семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстелдер», брифингтер және конференциялар өткізеді. Дәстүр бойынша әр бейсенбі бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуге арналады.

2. Қызметтердің қол жетімділігі мен жеңілдігі

WEB-порталдың жеңілденуі МКК қызметтерінің қол жетімдірек және оңай болуына септігін тигізді, бұл тиісінше, төлеушілер санының артуына әсерін тигізді. Анықтама беру: мемлекеттік кірістер порталында оларды 2-3 минут арасында алуға болады. Жеке кәсіпкерлікті тіркеу және қосымша құн салығы: электрондық форматқа аударылған рәсімдер.

2016 жылдан бастап kgd.gov.kz  ресми сайтында салық төлеушіге міндетті салық есептілігінің тізімі және оны тапсыру мерзімдерін көруге көмек беретін онлайн тест сұрақтары орналастырылған. Салық төлеушілердің ыңғайлылығы үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы 48 қызметтің 26 көрсетілуде.

3. Бизнес шығындардың азайтылуы

Тауарларды кедендік декларациялау кезінде бірқатар құжаттардың талап етілуі алынып тасталынды: экспорт кезде 10-нан 3-де дейін, импорт кезде 12-ден 4-ке дейін.

Жеке кәсіпкерлер ЖК-ні мемлекеттік тіркеу үшін төлем төлеуден босатылды, ірі және орта бизнес үшін ҚҚС қайтару мерзімдері қысқартылды.

2013 жылдан бастап ӘҚБК 9 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын жаза шаралары ретінде айыппұлдың орнына ескерту ергізілген, бұл бизнес шығындарын жылына 6,6 млрд. теңгеге азайтуға мүмкіндік берді. Қазір Парламент Мәжілісінде бизнес үшін әкімшілік ауыртпалығын тағы да жылына 8 млрд. теңгеге азайтатын «ӘҚБК-ге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жатыр.

4. Тосқауылдарды алып тастау

Қытай шекарасында «НұрЖол» және «Қалжат» екі жаңа автомобильді өткізу пунктерінің салынуы жалғасуда, сондай-ақ тағы 23 өткізу пунктерін жаңғырту мен қамтамасыз ету бойынша жобасы жүзеге асырылып отыр.

Бұған қоса ақпараттық жүйелердің бүкіл «паркін» жаңарту туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылы біз электронды кедендік декларациялаудың толық циклмен қоса «АСТАНА-1» ақпараттық жүйені (Кедендік декларациялау және салықтық декларациялаудың автоматтандырылған жүйесі) жасау жұмыстарын бітіретін боламыз.

Бұл жүйе сонымен қатар кедендік және салықтық жүйелерді интеграциялау жолындағы алғашқы қадамы болады.

«Электронды шот-фактура» жүйесін ендіру шеңберінде де үлкен жұмыс атқарылды.

2015 жылдан бастап аталған жүйенің артықшылықтарына көзі жеткен кәсіпкерлердің саны өсіп, олар шот-фактураларды электронды нысанда рәсімдеп жатыр, бұл өз кезегінде салықтарды төлеуден жалтаруға арналған схемаларды минимализациялауға көмектеседі.

5. Бақылауды беру

Бірінші қадам ретінде бақылау функциялардың бөлігін бизнес пен қоғамға беруі еді. Бүгіннің өзінде аудиторлық қорытындысы салық төлеушілерді ликвидациялаудың легитимді негізіне айналды, бұл тексерістердің санын қысқартуға мүмкіндік береді және бизнес үшін жағымды шарттарын қалыптастырады.

Қоғамдық бақылаудың түрлі нысандары кеңінен енгізілуде: «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» көлемді науқаны өткізілді.

2016 жылдың екі айы ішінде науқанға 30 мыңға жуық қазақстандық қатысты, олар мемлекеттік кірістер органдарына 1,5 млн. фискалды чек жіберді.

Қылмыстық қудалау орбитасынан адал салық төлеушілерді алып тастау үшін «Жалған кәсіпкерлік» (ҚР Қылмыс кодекстен 215-бабы алынып тасталынды) ұғымы жойылды.

Қорытындылай келе, біздің басты міндетіміз – заң үстемдігі принциптері негізінде жұмысты қамтамасыз ету, экономика мен жеке инициативаның дамуы үшін жағымды шарттарын жасау және сыбайлас жемқорлықтың барлық фактілеріне қарсы әрекет ету.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі