Date of publication: 24.08.2017 15:07
Date of changing: 24.08.2017 15:14

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мелекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға және мүдделі тұлғаларға, 2017 жылғы 30 тамызда сағат 09.00-ден бастап 21.30-ға дейін Кеден органдарының шлюзі компонентінің серверлік жабдығын көшіру бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды (бұл жұмыстар деректер алмасу жылдамдығын жоғарылату және жүйелердің ақауларын азайту үшін қажет).

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сыртқы ақпараттық жүйелерімен, МКК ішкі апараттық жүйелерімен, сондай-ақ ЕАЭО елдерімен және шетел мемлекеттерімен кедендік әкімшілендіру ақпараттық жүйелерінің өзара іс-әрекеттері уақытша тоқтатылатын болады.

Комитет техникалық жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.