Date of publication: 08.09.2017 19:35
Date of changing: 08.09.2017 19:40

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылдың 4 мен 8 қыркүйегі аралығында Кинология орталығының базасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша XV-Республикалық Комитеттің аумақтық бөлімдерінің кинолог-мамандары арасында жарыс өтті

 

Кәсіби шеберліктерін шыңдау, тәжрибие алмасу және Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды тұлғалары арасында үздік кинологты анықтау мақсатында 2017 жылдың 4 мен 8 қыркүйегі аралығында Кинологиялық орталығының базасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша XV-Республикалық Комитетттің аумақтық бөлімдерінің кинолог-мамандары арасында жарысы өтті. 

Жарысқа Комитеттің аумақтық департаментінде ішкі сайыстан өткен еліміздің жоғары білікті кинолог-мамандары қызметтік-іздестіру иттерімен қатысты. Тәуелсіз бақылаушылар ретінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің сарапшысы Н.А. Жамбылбаев қатысты.

Бүгінгі жарыс бұрынғы жарыстарға қарағанда, қатысушылар төрт аяқты көмекшілерін қолдануда өздерінің бар кәсіби дағдылары мен шеберліктерін танытуға тырысты. Нәтижесінде жүлделі орындарға күрес бір бірлерінен шамалы айырмашылықтармен аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей:

1 - орын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД - «Найза» лақап атты қызметтік итімен Ғани Ақылбекұлы Абдраманов.

2 - орын ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы - «Дак» лақап атты қызметтік итімен Марат Оспанұлы Тлеукеев.

3 - орын Маңғыстау облысы бойынша МКД - «Барби» лақап атты қызметтік итімен Нұрбол Мұратұлы Сабанов.

2017 жылдың 8 қыркүйегіңде сағат 10.00-де салтанатты жабылу және XV-Республикалық жарыстың жүлдегерлерін марапаттауға: Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімідігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, Республикалық және Алматы қаласының БАҚ өкілдері шақырылды. Шараның салтанатты рәсімі аяқталғаннан кейін кинолог мамандар қызметтік иттерімен қонақтарға көрсетілімдер ұйымдастырды.

Кинологиялық орталығының қонақтары мен қатысушылардың пікірінше, осы секілді жарыстар қатысушылардың қызметтік міндеттерін орындауда жеке бастарының жауапкершіліктерін сезінуге, қызметтік иттермен жұмыс істеуде дағдыларын одан әрі жетілдіріп бекітуге әсер етеді. Осындай кездесулер кеден қызметінің кинология аясындағы алдыңғы әдістермен алмасуға, халықаларық жарыстарға қатысу үшін ұлттық құрамаға қосуға кинологтармен қызметтік иттерді іріктеуге мүмкіндік береді..

Басқа құқық қорғау органдарынан келген әріптестер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жарысы жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып өткендігін атап өтті.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік, 10)