Date of publication: 03.11.2017 18:03
Date of changing: 03.11.2017 18:06
 
Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға және мүдделі тұлғаларға, 2017 жылғы 4 қарашада сағат 22.00-ден бастап 23.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (Жеңіс даңғылы, 11) ғимаратында орталық Cisco 6509 коммутаторының (супервизор) қосалқы бөлшегін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлайды (аталған жұмыстар деректер алмасудың жылдамдығын арттыру және жүйенің істен шығуын азайту үшін қажет).

 Осыған орай, жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңінде ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінің жұмысы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сыртқы ақпараттық жүйелерімен, МКК ішкі апараттық жүйелерімен, сондай-ақ ЕАЭО елдерімен және шетел мемлекеттерімен кедендік әкімшілендіру ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы уақытша тоқтатылатын болады.

Комитет техникалық жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.