Date of publication: 22.12.2017 18:16
Date of changing: 22.12.2017 18:17

 

Құрметті салық төлеушілер!

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті сіздерге Астана уақыты бойынша 23.12.2017 күні сағат 21:00-ден бастап 23:00-ге дейiн уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жаңартылуы бойынша  келесідей тапсырмаларды қамтитын жұмыстардың орындалатынын мәлімдейді:

      1. Валюта бағамы бойынша қате пайда болған мәтінді түзету;

      2. «Алдын ала көру» функциясы арқылы шот-фактура туралы ақпаратты толық емес көрсету қатесін түзету;

      3. Шот-фактураны дестелік жіберу кезінде сұрауды өңдеудің жылдамдығын оңтайландыру;

      4. Ұлттық Банктің және оның бөлімшелері мекенжайына шот-фактураны жазу кезінде «С1»  бөлімінде міндетті түрде толтыру талаптарын қоспаған кездегі қатені түзету.

Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!