Date of publication: 27.12.2017 10:12
Date of changing: 27.12.2017 10:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ               

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «С» есімді азаматтың арызы бойынша Алматы қаласы бойынша МКД ЭТҚ бөлім басшысы «Ч» есімді азаматы мен Алматы қаласы бойынша МКД ЭТҚ бөлімнің аға офицері «Н» есімді азаматы ҚР ҚПК 128-бабының тәртібі бойынша ұсталған және ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы 1,2 -тармақшаларында қарастырылған қылмыстарды (алаяқтық) жасады деген күдікпен Алматы қаласының ІІД УҚИ қамауға алынды. Алматы қаласы бойынша МКД ЭТҚ «К» және «Д» есімді азаматтары аталған қылмысты жасауда күдіктілер ретінде танылды.

Аталған тұлғалар өздерін 2017 жылғы 19 қазанда экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, алаяқтық жолмен «С» есімді азаматтан 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақша құралын алған. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚМ МКК мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты заңға қайшы әрекеттері туралы Сіз, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер басқармасына және ішкі қауіпсіздік басқармасының аумақтық бөлімшелеріне, сонымен қатар  8 (7172) 709820, Call-центр – 1412, 8-800-080-64-52 телефон нөмірлеріне хабарласа алатындарыңыз жайлы хабардар етеді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)