Date of publication: 21.02.2018 10:56
Date of changing: 21.02.2018 10:58

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер классификаторы келесі екі деңгейлі мәндермен толтырылған анықтамада (Жүктеу) көрсетілген :

1 деңгей – ЭҚ ТӨК.

2 деңгей – СЭӘ ТН.

Есеп жүйелерінің тауарлық номенклатураларында ВҚҒА (виртуалдық қойманың ғаламдық анықтамасы) классификаторын қалай пайдалану қажет:

1.      Егер тауардың СЭӘ ТН белгілі болса, ЭҚ ТӨК- СЭӘ ТН маскасы бойынша «тире» белгісімен байланысты қолдану қажет. Мысалы, қоймада импортталған «брокколи қырыққабаты» болсын. Бұл жағдайда СЭӘ ТН белгілі – 704100000. ВҚҒА анықтамасында СЭӘ ТН 704100000 коды  «Қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және осыларға ұқсас Brassica тұқымдас жеуге жарамды көкөністер, жаңа немесе салқындатылған/гүлді қырыққабат және брокколи» «01.13.13.01 - Гүлді қырыққабат және брокколи» деңгейіне жатады. Осылайша, ЭШФ толтыру кезінде G тарауының G17 өрісінде «01.13.13.01-704100000» толтырылады.

2.      Егер тауар ҚР аумағында өндірілген және оның СЭӘ ТН болмаған жағдайда, ЭШФ толтыру кезінде G тарауының G17 өрісінде ЭҚ ТӨК «01.13.13.01» деңгейінің кодын көрсетуге рұқсат беріледі

 

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Виртуалдық қойма модулінің қолдау қызметінің электрондық адресіне Media@osdkz.com және 8 (7172) 72-73-20 телефонына хабарласуыңызға болады.