Date of publication: 03.03.2018 10:04
Date of changing: 03.03.2018 10:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 1-2 наурызында Астана қаласында ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «Еуразиялық экономикалық одағы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты - Еуразиялық экономикалық одағы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру, сондай-ақ кеден заңнамасының нормаларын қолдану кезінде пайда болған проблемалық мәселелерді шешуге арналған бірыңғай тәсілдемелерді қалыптастыру.

Семинарға ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының өкілдері және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Кедендік бақылау басқармалары, тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау, кедендік ресімдеу орталықтарының басшылары қатысты. 

Семинарды жүргізу барысында ЕАЭО, ҚР кеден заңнамасының тұсаукесері ұсынылды және кедендік декларациялау және тауарларды кедендік тазартуға байланысты операциялар; экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» механизмін енгізу; кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу; Қазақстан Республикасында УЭО институтын жетілдіру; тауарлардың кедендік құны; жаңа кеден кодексін іске асыруға қабылданған нормативтік құқықтық актілерімен танысу және т.б. мәселелер талқыланды.

Ерекше назар электрондық декларациялауды енгізуге аударылды.

Семинардың нәтижесі бойынша атап айтқанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің жеке нормаларын қолдану бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы сияқты басқа мемлекеттік органдармен пысықтауды талап ететін мәселелер ҚР ҚМ МКК қарауға енгізілді. 

Осы мәселелер көрсетілген мемлекеттік органдармен әрі қарай жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынды, оның нәтижесі бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына тиісті ақпарат жіберіледі.

Іс-шара белсенді диалогта, семинарға барлық қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.

Семинарға қатысушылар электрондық тасымалдағыштарда ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар берілді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)