Date of publication: 02.04.2018 12:18
Date of changing: 03.04.2018 12:53

Құрметті салық төлеушілер!

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

«Виртуалды қойма» модулімен жұмыс жасауды пайдаланушыларға үйрету вебинарлар форматында  https://zoom.us тегін қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Вебинарларға қосылу үшін пайдаланушылар URL мекен-жайлар мен ID-нөмірлерге сәйкес сілтемені пайдаланулары тиіс.

«Виртуалды қойма» модулімен жұмыс жасау бойынша қатысушыларға арналған https://zoom.us қосымшасымен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық (жүктеу).

2018 жылдың 3 сәуірінде Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де https://zoom.us/j/730207574/ URL мекен-жайы  бойынша, вебинар ID:  730-207-574 келесі тақырыптар бойынша вебинар өткізіледі: қоймаларды жүктеу, формалар журналы, тауарлар бойынша декларациялар және 328,00 СЕФ жайлы ақпараттар, ЭШФ жасау.

            «Виртуалды қойма» модулімен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық келесі сілтеме бойынша орналасқан: https://kgd.gov.kz/ru/content/testovyy-stend-esf-1.

Вебинарды өткізу нәтижесінде Комитет порталында вебинар жазбалары жарияланады.