Date of publication: 02.04.2018 19:25
Date of changing: 12.10.2023 12:10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті салық төлеушілер!

Сіздер үшін әзірлеуші жинағы қол жетімді, оның ішінде келесілер қамтылған:

·         API бойынша құжаттар 

·         XML форматта ЭШФ үлгілері

·         SOAP үшін ЭШФ жобасы

·         Қолтаңбаны құру қосымшасы

·          Кітапхана файлдары 

API механизмінің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1 қадам:

Әзірлеуші жинағын жүктеп алыңыз.

2 қадам:

Жергілікті сервер қалтасында қолтаңба жасауға мүмкіндік беретін қосымша бар. Оны start bat файлын шақыру арқылы әкімші ретінде консольден іске қосу керек.

3 қадам:

Soapui бумасында орналасқан XML файлы құрамында ЭШФ жобасы бар. Жобаны SoapUI-де ашу керек, оны ресми сайттан жүктеуге болады. Жобаны ашқаннан кейін сіз әдістер мен қызметтердің сипаттамасына сілтемелер таба аласыз.

Сондай-ақ, ол барлық операцияларды кезекпен орындаудың екі сынақ сценарийін ұсынады..

 

4 қадам:

Сценарийді іске қосыңыз, оның орындалуын күтіңіз .
 
Терезеде сіз әр сұраныстың орындалуының әр қадамын көре аласыз. Сұрауды екі рет басу арқылы сіз сұраудың денесін және жүйеден келген жауапты көре аласыз.

 

 

Сценарийдің нәтижелерін ЭШФ АЖ тест стендінде көруге болады.

Тест стендіне кіруді өз сертификаттарыңыздың көмегімен жүзеге асыруға болады.

Қызметтер мен әдістердің толық сипаттамасын құжаттамадан, SOAP жобасынан немесе сілтеме арқылы таба аласыз 

"Виртуалды қойма" модулінде жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық.