Date of publication: 06.04.2018 14:46
Date of changing: 06.04.2018 14:47

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі кедендік әкімшілендіру

рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік берді

 

2017 жылғы 1 қазанынан бастап, «АСТАНА-1» АЖ-де «Кедендік транзит» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді, бұл кедендік операциялардың шекарадағы өткізу бекетінде жасалуын қамтамасыз етеді: тауарлардың транзитімен байланысты алдын-ала ақпарат беру, бақылаудық технакалық құралдарын қолдану, басқа мемлекеттік органдардың бақылауы, кедендік рәсімдер.

«Кедендік транзит» кіші жүйесі еш ақаусыз жұмыс жасап келеді және жүйені пайдаланушылар тарапынан оң бағасын алып отыр. Қазіргі уақытта:

  • Берілген - 184 396 транзиттік декларация;
  • Шығарылған 165 742 тауарларға арналған декларация (90%) (Жасыл дәліз (жүйемен автоматты түрде шығарылды))
  • Бақылауда 5.324 (бағыт бойынша)
  • Кедендік рәсімдеудің орташа уақыты 16,5 минут.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді. Жүйеде:

•          Берілген- 20 428 тауарларға декларация;

•          Шығарылған - 20 406 тауарларға арналған декларация (Жасыл дәліз бойынша– 20 270 (99,2%)

•          Бақылауда: 22 тауарларға арналған декларация;

•          Кедендік ресімдеудің орташа уақыты:

a.         Жасыл дәліз (жүйемен автоматты түрде шығарылды)  – 1 минут;

b.         Сары дәліз (құжаттық тексеру) – 1 сағат 12 минут 18 секунд;

c.         Қызыл дәліз (физикалық тексеру) – 16 сағат 18 минут 43 минут.

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Импорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау»  кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді. А.ж. 5-ші сәуіріндегі жағдайы бойынша:

•          Берілген - 3 077 тауарларға арналған декларация;

• Шығарылған - 2 678 тауарларға арналған декларация (жасыл дәліз бойынша - 1934 (62,8%);

• Бақылауда - 399 тауарларға арналған декларация;

• Кедендік рәсімдеудің орташа уақыты:

а. Жасыл дәліз (жүйемен автоматты түрде шығарылды) – 1 минут;

б. Сары дәліз (құжаттық тексеру) – 10 сағат 11 минут 16 секунд;

с. Қызыл дәліз (физикалық тексеру) – 18 сағат 8 минут.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен СЭҚ қатысушыларымен бірлесе отырып, қалған рәсімдерді тестілеу бойынша жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді. Tеlegram әлеуметтік желісінде чат құрылды, онда барлық тілектер мен ұсынымдар назардан тыс қалмайды, ал проблемалық мәселелер арнайы құрылған жұмыс тобының сарапшыларымен жедел түрде өңделеді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)