Date of publication: 11.04.2018 11:38
Date of changing: 11.04.2018 11:41

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап барлық кеден рәсімдері бойынша «Кедендің декларациялау» шағын жүйесі іске қосылды. Электрондық декларациялау ақпараттық жүйесі толығымен Қазақстан Республикасының барлық облыс, аймақтарында жұмыс істей бастады. «АСТАНА-1» АЖ-ны іске қосудың нәтижелерін СЭҚ–қа қатысушылардың оң пікірлері арқылы бағалауға болады. Электрондық декларациялау жүйесі кедендік рәсімдеудің үрдістерін жеңілдетеді, кедендік операцияларға жұмсалатын уақытты қысқартады, сондай-ақ кедендік декларацияны тапсыру үшін кедендік бекетке келудің қажеті жоқ, бұның барлығы интернет-портал арқылы құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнгі, тауарларға берілген декларациялар саны 4,8 мың дананы құрайды, олардың 4,5 мыңы (94%) автоматты түрде шығарылды, орташа рәсімдеу уақыты - 1 минут.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен «Телеграмм» әлеуметтік желісінде чат құрылды, онда Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері кеден өкілдерімен, декларанттар және СЭҚ-қа қатысушылармен хат алмасады. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері уақытылы және сапалы түрде «Телеграмм» чатына қатысушыларда  пайда болған сұрақтары бойынша көмек көрсетеді.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары туралы аздаған жалпылама пікірлер бар деп айтуға болады, бірақ «кедендік декларациялау» шағын жүйесі СЭҚ-қа қатысушылар және кеден органдарының тікелей байланысын барынша азайту арқылы сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әсер ететінін атап өту керек.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)