Date of publication: 24.04.2018 18:07
Date of changing: 24.04.2018 18:08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасында алғаш рет электрондық декларациялау жүзеге асырылып, енгізілді. Электрондық декларациялау сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына үйден немесе офистен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген нүктесінен кедендік декларацияны тапсыруына мүмкіндік береді (логині және электронды-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда).

«АСТАНА-1» АЖ Ұлт жоспарының 38-қадамын жүзеге асыру шеңберінде электрондық декларациялауды дамыту мақсатында әзірленіп, енгізілді.

Жаңа ақпараттық жүйе ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттарға және озық тәжірибелерге сәйкес әзірленген, экспорт және импорт үшін құжаттар көлемін, сондай-ақ оларды өңдеу уақытын қысқартуға, басқаша айтқанда, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«АСТАНА-1» АЖ көпфункционалды және кешенді жүйе болып табылады, осыған орай, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.

2017 жылғы 1 қазанында «АСТАНА-1» АЖ-де «Кедендік транзит» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді, бұл кедендік операциялардың шекарадағы өткізу бекетінде жасалуын қамтамасыз етеді: тауарлардың транзитімен байланысты алдын-ала ақпарат беру, бақылаудық технакалық құралдарын қолдану, басқа мемлекеттік органдардың бақылауы, кедендік рәсімдер.

Бүгінгі таңда, ұсынылған транзиттік декларациялардың саны 197 мың дананы құрады, оның ішінде 181 мыңы (90%) автоматты түрде шығарылған, рәсімдеудің орташа уақыты – 35 минут құрады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді. Жүйеде 24 мың тауар декларациялары өңделген, оның 99,4%-і орташа рәсімдеу уақыты 1 минутты құрап, жүйемен автоматты түрде шығарылған.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап импорт және қалған кедендік рәсімдер бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта, 18 мыңға жуық тауар декларациялары өңделді, оның ішінде декларациялардың 85 % жүйемен автоматты түрде шығарылған.

«АСТАНА-1» АЖ-нің маңызды артықшылығы болып тауарларды автоматты шығару және үйден немесе офистен шықпай-ақ кедендік декларацияны тапсыру мүмкіндігімен қатар, жүйенің ақысыз негізде пайдалануға берілгендігі табылады. Аталған жағдайлар сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қаржылық және уақыттық шығындарын қысқартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, «АСТАНА-1» АЖ енгізілгеннен кейін, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тауарды алып кету үшін кеден органдарына келуі қажет емес, себебі, уақытша сақтау қоймаларының иелері де «АСТАНА-1» АЖ-де тіркелгендігін атап өту қажет.

Электрондық декларациялау электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, жүзеге асырылады.

ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттық жүйелерінде ЭЦҚ-ны қолдану ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің  28.02.2018 жылғы № 321 және 19.03.2018 жылғы № 389 Бұйрықтарымен бекітілген. «АСТАНА-1» АЖ-де ЭЦҚ-мен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықпен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары «АСТАНА-1» порталында таныса алады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Комитетпен жүйені дамыту және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, «АСТАНА-1» АЖ-нің техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, тауарлар декларацияларының жекелеген бағандарын толтыру ерекшеліктерін анықтайтын «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауар декларацияларының бағандарын толтыру ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығы әзірленген.

Тауарларды таңбалау бойынша СЭҚҚ-ның өзара әрекет етуі шеңберінде тауарларға декларацияларды ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттық жүйелерінен «Таңбалау» жүйесіне беру жүзеге асырылады.

«АСТАНА-1» АЖ-не СЭҚҚ-ның бет есептеріне төлемдердің жасалғандығы туралы ақпарат келесі банктерден жедел түрде түсіп отыратындығын мәлімет үшін хабарлаймыз: «Халық банкі» АҚ,  «Қазпочта» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Ситибанк» АҚ, «Шинхан Банк Казахстан» АҚ, «Altyn Bank» АҚ.

Бұл ретте, тауарлар декларацияланған жерге байланыссыз, СЭҚҚ-ның тіркелген жері бойынша төлемдер жасалады.

Сондай-ақ қазіргі уақытта жүйе тәжірибелік пайдалануда екендігін жеткіземіз. Жүйені өнеркәсіптік қолданысқа беру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен қарастырылған ережелер мен тәртіпке сәйкес жүйені пысықтау және ықпалдастыру барлық түрлерін жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін басталады.

«АСТАНА-1» АЖ-н өнеркәсіптік пайдалануға беру мерзімі – 2019 жылдың 1 тоқсаны.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)