Date of publication: 16.05.2018 11:19
Date of changing: 16.05.2018 11:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Бір белдеу – Бір жол» бағдарламасына енгізу шеңберінде Салықтық жән кедендік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияның шеңберінде ҚР ҚМ МКК-ң төрағасы А.М. Теңгебаев және Украина мемлекеттік фискалдық қызметінің комиссарының м.а. М.В. Продан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Украина Мемлекеттік фискалдық қызметі делегациясының салық және кеден салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойылды

 

2018 жылғы 15 мамырда Астана қаласында  жұмыс кездесуі барысында ҚР ҚМ МКК-ң төрағасы А.Теңгебаев, Қазақстан мен Украина фискальдық органдарының арасындағы қарым-қатынастар өзара сенім мен сыйластық ахуалында дамитындығын және мұндай ынтымақтастықтың нәтижелері екі ел үшін де маңызды пайда әкелетінін атап өтті.

Қызмет салықтық және кедендік салада өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты және үздіксіз жұмысын байланыстырады.

Бүгінде, әлемдегі қиын экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Украина фискалдық қызметтері өздерінің алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырып, белсенді түрде жетілдірілуде, қызмет көрсету сапасын жоғарылатуда, әртүрлі халықаралық алаңдарда тәжірибе алмасып, мемлекеттер беделін арттыруда.

Жыл сайын салықтық және кедендік әкімшілендіру механизмдері жетілдіріліп, жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп, көрсетілетін қызметтердің тізімі кеңейтіліп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

А.Теңгебаев кездесудің Астана экономикалық форумы қарсаңында өткізіліп жатқандығын атап өтті, және форумның шеңберінде Комитет «Шекарадағы сауданы жеңілдету: цифрлық кеден тұрғысынан» және Бір белдеу- бір жол» атты екі конференция өткізеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Украинаның Мемлекеттік салық қызметі арасындағы кедендік және салық салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы хаттама жобасы Комитет пен ішкі ведомствоаралықтың қарауында болғандықтан, оны одан әрі жалғастыру және сәл кейінірек қол қою ұсынылды.

Жұмыс жиналысының қорытындысы бойынша салық және кеден салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Украинаның Мемлекеттік салық қызметі делегаттарының жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойылды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)