Date of publication: 17.05.2018 11:30
Date of changing: 17.05.2018 11:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астанада «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде салықтық ынтымақтастық бойынша форумның үшінші қорытынды күнінде салық органдарының әлеуетін өсіру мәселелері талқыланды

 

Астанада «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде салықтық ынтымақтастық бойынша форумның жұмысы қорытындыланды. Сессияның модераторы болып Қытайдың Мемлекеттік салықтық әкімшілігі Халықаралық салықтық басқармасының Бас директоры Ляо Тижонг сөз сөйледі.

Сессия шеңберінде салық органдарының әлеуетін өсіру желісінің өзара әрекет етуін белгілеу, ықпалдастық шеңберінде өзара техникалық көмек беру және оқыту, ҚҚС әкімшілендіру мәселелері қаралды.

Аталған тақырыптар бойынша Нидерландының, Моңғолияның, Польшаның салықтық және кедендік органдарының және ХВҚ халықаралық ұйымының өкілдері өз тәжірибесімен бөлісті. Панельдік сессияны бес елдің (Қазақстан, Ауғанстан, Мальдивы, Австрия және Нидерланды) салық сарапшылары жалғастырды.

«Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде салықтық ынтымақтастық бойынша форумның ұйымдастырылуына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірге ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы академиясы да үлесін қосты. Өз сөзінде, Академияның Президенті
Н.А. Коржова оқу орындары салықтық және кедендік органдардың квалификацияланған мамандарын дайындауда ерекше рөлін атап өтті.  Қаржы академиясы өз жұмысында жан-жақты диалогты, серіктестермен ықпалдастықты ұстанады, сапалы білім беруде жүйелі көзқарастар үшін пікірін білдіріп келеді.

Ауғанстаннның Қаржы министрлігінің бас директоры Абдул Хабиб Задран Сартабиб Хан Задран салық жүйесін жаңғырту бойынша елдің жетістіктерімен бөлісті: салық түсімдері өскен, салық есептілігін тапсыру тәртібі оңайлатылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістер қолданылады, 2020 жылдан бастап ҚҚС енгізілетін болады.

Көптеген елдер алаяқтықпен бірлесіп күресуді күшейту қажеттілігін мойындады деп, өз есебінде Мальдивтердің салық комиссары мәлімдеді. Дөңгелек үстел барысында IBFD (Халықаралық салық ақпараты бюросы) директоры Виктор Ван Коммер салықшыларды халықаралық деңгейде бірлесіп оқыту қажеттілігін айтты.        

Венадағы экономика және бизнес университетінің өкілі Джеффри Оуенс: «Салық комиссарлары қандай болуы керек?» - деген сұрақ қойды, ол кейіннен бұл сұраққа жауап беру үшін өзінің көзқарасын білдірді.

Халықаралық форумды жабу рәсімін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МКК басқармасының басшысы Е.Қ. Қожабергенов жүргізді.

Қорытынды сөзінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МКК төрағасы А.М. Теңгебаев іс-шараға қатысқан қытайлық әріптестеріне, ЭЫДҰ өкілдеріне, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың, салық және кеден органдарының өкілдеріне және конференцияға қатысушы елдердің бизнес қауымдастығына алғыс білдірді.

ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің комиссары Ван Цзюнь, ЭЫДҰ салық саясаты орталығының директоры Паскаль Сен-Аманс және ЭЫДҰ Салықтық әкімшілендіру форумының өкілі Нина Шанке Фюннемарк өз алғыстарын білдірді. Жалпы алғанда, форумда талқыланған барлық тақырыптар салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, салықтық дауларды реттеудің тиімділігіне және іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған.

Форумның соңында Қазақстан мен Қытай БАҚ өкілдері үшін форум қонақтарымен баспасөз- конференциясы өткізілді. 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)