Date of publication: 07.09.2015 18:43
Date of changing: 07.09.2015 18:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

07.09.2015ж.

Баспасөз релизі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Заң жобасы Қаржы министрлігімен Мемлекет басшысының мүлікті жария ету процесін жеңілдету және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан кепілдіктер қамтамасыз ету жағын қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 41-қадамының іске асырылуына сәйкес әзірленді.

Заң жобасы мынадай негізгі ережелерді көздейді.

  1. Жария ету субъектілері үшін кепілдіктер бөлігінде көзделеді:

бірінші: құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары, банктер мен өзге ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінен қосымша қорғалу бөлігінде қылмыстық жауаптылыққа дейін қылмыстық заңнама нормаларын нақтылау және қатаңдату;

екінші: қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалану мүмкіндігін болдырмау;       

үшінші: салық заңнамасына мүлікке жария етуді өткізу процесінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салу туралы нормаларды қосу;

төртінші: банктік заңнамаға жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру туралы нормаларын қосу;

бесінші: жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салу туралы норманы қолданысқа енгізу.

ІІ. Ақшаны жария ету бойынша 3 опция ұсынылады:

1. Банк шоттарына олардың сақталуы бойынша міндеттемесіз, алымдарды төлемей, шектеусіз өзінің қарауы бойынша иелік етумен аудару;

2. ЕДБ шотына 10% мөлшерінде алымды төлей отырып аудармау («декларативтік нысан»);

3. Алымды төлемей АХҚО-ға жария етілген ақшаны инвестициялау мүмкіндігі.

ІІІ. Мүлікті жария ету бойынша ұсынылады:

Бірінші: Әкімдіктер жанындағы комиссияларда тек құқығы ресімделмеген ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету ғана қалдыру. ҚР аумағындағы орналасқан мүлік (жылжымалы, сондай-ақ құқығы жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға ресімделген мүлік) бөлігінде алымды төлемей мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны ұсыну жолымен жүргізу.

Екінші: ҚР тыс орналасқан мүлік бойынша жария ету 10% мөлшеріндегі алымды төлей отырып, мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны тапсыру жолымен жүргізілетін болады. Бұл ретте, мүліктің құнын жария ету субъектісі дербес айқындайды.

Бұдан басқа, алымның 10% төлей отырып, сенімгерлік басқаруға (траст) берілген Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша жария етуге жататын мүліктің тізбесін кеңейту болжанады.

IV. Шетелде жария етілген мүлікті іске асыру кезінде қосарланған салық салуды болдырмау бойынша норма ұсынылады.

V. Бұл ретте, мынадай ынталандыру шаралары ұсынылады:

1) шетелдегі шоттарды декларацияламағаны үшін әкімшілік жазаны қатаңдату;

2) шетелдегі мүлікті міндетті декларациялаудың қосымша талабын енгізу.

Жоғарыда айтылған шараларды іске асыру үшін әдетте, жария ету мерзімін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделеді.

Заң жобасын іске асыру 6 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді талап етеді.

Заң жобасын қабылдау жария етудің аса қолайлы және тартымды жағдайларын құруға, оның ішінде аталған акцияға тұрғындардың қатысуын белсендіру мақсатында оны өткізу процесін оңайлатуға ықпал ететін болады. Бұдан басқа, заң жобасы ел экономикасына ақшаны тез, қарапайым және сенімді қайтару, «көлеңкелі» экономиканың деңгейін төмендету процесін жақсарту үшін қосымша шараларды қабылдауға, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдердің түсуіне мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі