Date of publication: 10.08.2018 13:01
Date of changing: 10.08.2018 13:05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, ағымдағы жылдың 1 тамыз жағдайына  жеке тұлғалардың төленбеген салық бойынша жалпы сомасы 19,4 млрд.теңгені құрайтынын хабарлайды. Уақытында төленбеген есептелген өсімпұлдар соммасы – 7,5 млрд.теңге.  

Осылайша жеке тұлғалардың салық берешегі бойынша жалпы сомасы 26,9  млрд.теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда жеке тұлғалар бойынша бересі 6,7 млрд.теңгеге немесе 52% өсті.

Жеке тұлғалар бойынша салық берешегінің ең үлкен соммасы келесі аймақтарға келеді:

- Алматы қ. – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 7,2 млрд.теңге  немесе 27,0%; 

- Астана қ. – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 3,6 млрд.теңге  немесе 13,3%;

- Алматы облысы – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 3,1 млрд.теңге  немесе 11,4% ;

- Онтүстік Қазақстан облысы – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 2,7 млрд.теңге  немесе 9,9% ;

- Қарағанды облысы – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 1,8 млрд.теңге  немесе 6,8 %.

Республика бойынша жалпы борышкерлер саны 1 409 864 құрайды, бұл ретте жылдың басымен салыстырғанда төлемеушілер саны 179 484 немесе 14,6%-ға ұлғайды.

Борышкерлердің ең үлкен саны келесі аймақтарға келеді:

- Алматы облысы – 212 180 жеке тұлғалар;

- Онтүстік Қазақстан облысы – 209 239 жеке тұлғалар;

- Астана қ. – 137 574 жеке тұлғалар;

- Алматы қ. – 127 219 жеке тұлғалар;

- Жамбыл облысы – 120 016 жеке тұлғалар.

Салық кескінінде ең үлкен берешек жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша – 20,2 млрд.теңге немесе салық берешегінің жалпы соммасынан 75,1% құрайды. Бұл ретте көлік салығы бойынша борышкерлер саны –                  842 213.

Көлік салығы бойынша ең үлкен берешек соммасы келесі аймақтарға келеді:

- Алматы қ. – 4,9 млрд.теңге;

- Астана қ. – 3,0 млрд.теңге;

- Онтүстік Қазақстан облысы – 2,2 млрд.теңге;

- Алматы облысы – 2,0  млрд.теңге;

- Жамбыл облысы – 1,5 млрд.теңге.

Салық төлеушіні - жеке тұлғаны салықтық міндеттемелері бар жөнінде ақпараттандыру мақсатында салық органы жеке тұлғаға жеке өзiне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етілетін мемлекеттік кірістер органдары есептеген салықтар сомасы туралы хабарлама жолданады.

Осы хабарламаны алып салық төлеуші оған есептелген салықты уақытылы төлей алады.

Сонымен қатар, егер Салық кодексімен белгіленген мерзімде салықтарды төлеу жүргізілмесе, салық төлеушіге өсімпұл есептеленетін болады және салық органымен ондай салық төлеушіге жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама жолданатын болады.

Егер берешек 1 АЕК (2405 теңге) мөлшерінен асатын болса хабарлама табыс етілген күнінен 30 жұмыс күн өткен соң салықтық берешекті төлемеген жағдайда салық органы салықтық бұйрық шығарады және оны орындау үшін сот орындаушыға жолдайды.

Бұдан кейін салықтық берешекті өндіріп алу шаралары сот орындаушымен Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жазғы маусымдық демалыстарды ескере отырып Заңның 33 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы атқарушылық құжаттың мазмұнында 20 АЕК-тен (48 100 теңгеден) астам сомадағы талаптарды борышкер орындамаған кезде сот орындаушысымен шығарылатыңдығын назарға аламыз.

Сот орындаушылармен Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығарылған борышкерлер тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында орналасады.

Бұдан басқа, салық төлеушілер салықты төлеу бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі бар болуы жөнінде хабардар болу мақсатында Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында және «Электронды үкімет» порталында іске асырылған салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегі бар/жоқ екендігі туралы актуалды мәліметтерді онлайн-режимінде алуға мүмкіндік беретін «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» электронды сервисі іске асырылған.

Осыған байланысты, демалысты жоспарлау алдында салықтық берешектің барын тексеруді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы шығарылған қаулы жоқтығына көз жеткізуді ұсынамыз.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 24-бабына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге (қалай заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге болса, және солай жеке тұлғаларға да) банктік шотты ашудан бас тартуға міндетті екенін барлық салық төлеушілердің назарына жеткіземіз.

Аталған норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарына, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарына таратылмайды.

Яғни, егер ондай тұлғада салықтық берешегі бола тұра осы мақсатта жеке тұлғамен банктік шот ашылатын болса, банк оны ашудан бас тартуға құқылы емес.     

Бұл норманың енгізілуі жағымды халықаралық тәжірибелерді оқып білуге негізделген және борышкерлердің саны мен салықтық берешегінің сомасы өсуімен байланысты екенін атап өту қажет.

Тәжірибе салық төлеушілер салықтық міндеттерін уақытылы және өз еркімен сирек орындайтынын көрсетеді.

Осылайша, а.ж. 1 тамызына салықты төлемегендердің саны – 1 571 929 құрайды. Бұл ретте 90 % борышкерлер бұл жеке тұлғалар болып табылады.

Бұл ретте жыл басымен салыстырылғанда борышкер - жеке тұлғалардың саны 234 804 адамға немесе 17,6 %ға өсті.

Осыған орай, Комитет салықты төлеу – конституциялық міндеттеме екенін еске салады.

Егер салық төлеуші кәсіпкерлік қызмет үшін немесе басқа мақсаттар үшін банктік шотты ашуға ниет етсе, оған салықтық берешегі жоқ екеніне көз жеткізу қажет.

Бұл ретте, егер Комитеттің мәліметтері бойынша салық төлеушіде салықтық берешегі бар болса, оны төлеген кезде, дербес шотта мәлімет онлайн-режимінде көрсетіледі.

 

 

Баспасөз-қызметі

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті

 (Жеңіс даңғылы, 11)