Date of publication: 14.08.2018 18:52
Date of changing: 14.08.2018 18:53

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылу күніне орай салтанатты түрде    МКК Төрағасы  аса ерекшеленген қызметкерлеріне «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» атты төсбелгілерін табыс етті

2018 жылғы 14 тамызда «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 933 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің өзекті құрамдауыштарын – кеден және салық қызметін, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметін біріктірді.

Бүгін мемлекеттік кірістер органдарының құрылу күніне орай салтанатты түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Комитеттің аса ерекшеленген қызметкерлеріне «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» атты төсбелгілерін табыс етті және жалпы аумақтық органдар бойынша 102 адам марапатталды, сондай-ақ Төраға Мемлекеттік кірістер комитетінің 300-ден астам қызметкерін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады.

22 қызметкерге біліктілік сыныптар мерзімінен бұрын берілді және 5 қызметкер атқарып отырған лауазымынан 1 дәрежеге жоғары біліктілік сыныбына иеленді.